Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Америкалық жазушы "Боратты" тарихтағы ең нәсілшіл фильм деп атады

Опубликовано:

саша барон коэн 23
Саша Барон Коэн. Фото: Gettty Images/ Staff

Жазушы Нассим Талеб "Борат" фильміне қатысты ойын айтты. Ол аталған картинаның тарихтағы ең нәсілшіл фильм екенін жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Америкалық жазушы Саша Барон Коэннің фильмі туралы ойын Twitter желісінде жариялады.

"Әзілдейсіздер ме? Борат – іс жүзінде тарихтағы ең нәсілшіл фильм, Қазақстан халқын ашық түрде кемсіткен", – деп жазды ол.

Жазушы "Боратты" пародия деп атаған, сондай-ақ фильмді қорғаған басқа да қолданушыларды бұғаттап тастағанын жеткізді.

"Мені пародияның қос стандарты көбірек алаңдатады. Егер нәсілшіл әзілдер кейбір нәсіл өкілдеріне рұқсат етіліп, басқаларына рұқсат етілмесе, бұл – нәсілшілдіктің ең жаман үлгісі", – деп мәлімдеді Талеб.

Сондай-ақ ол Қазақстанда болғанын тілге тиек етті. Айтуынша, қазақстандықтар аталған фильм туралы бірнеше рет мәселе көтеріп, картинаның оларға зиян тигізгенін алға тартқан.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның сыртқы істер министрлігі "Борат-2" фильмінің шығуына байланысты азаматтардың өтінішіне түсініктеме берген еді.

Министрлік өкілдерінің пікірінше, арандатушылық мақсатта Қазақстан халқы да, оның мемлекеттік рәміздері де мазаққа салынуда. Наразылық нота жолдау мағынасыз, өйткені оның адресаты жоқ. Неғұрлым дүрліктіре берсек, соғұрлым фильм авторлары пайда табады.

Еске салсақ, жақында Австралияның Сидней қаласындағы жағажайлардың бірінде Бораттың мүсіні қойылып, Қазақстан туымен флешмоб ұйымдастырылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881356-amerikalyk-zazusy-boratty-tarihtagy-e-nsilsil-film-dep-atady/

pixel