Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жауын-шашын мен көктайғақ: Бірқатар өңірде дабылды ескерту жарияланды

Опубликовано:

Ауа райы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

"Қазгидромет" мамандары еліміздің бірқатар аймағында ауа райының нашарлауы туралы ескертті. Дауыл туралы дабылды ескерту жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып

26 қазанда Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Дауылдың ықтималдығы 85-90 пайыз.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі. Дауылдың ықтималдығы 85-90 пайыз.

Ақмола облысында 26 қазанда жауын-шашын болады деп күтілуде. Мамандардың айтуынша, өңірде жаңбыр жауады. Сонымен қатар, тұман мен көктайғақ күтіледі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, кей жерлерде екпіні 23-28 м / с болады.

Көкшетауда тұман түсіп, қатты жел соғады.

26 қазанда Нұр-Сұлтанда жауын-шашын (көбіне күндіз жаңбыр жауады), сондай-ақ тұман мен көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 16-21 м/с, дауылдың ықтималдығы 85-90 пайыз.

Қызылорда облысында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде 23-28 м / с күшейеді.

Дауылдың ықтималдығы 95-100 пайыз.

Ертең және келесі күні Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, ал 27 қазанда екпіні 23-28 м/с жетеді.

Таразда 27 қазанда күндіз жел 15-20 м / с дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынның басым бөлігінде (көбіне жаңбыр) күтіледі. Сондай-ақ, тұман мен көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с жетеді.

Дауылдың ықтималдығы 90-95 пайыз.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел 15-20 м/с дейін күшейеді, дауылдың ықтималдығы 90-95 пайыз.

Атырау облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Айта кетейік, күні кеше Нұр-Сұлтандағы шектеу шаралары туралы жаңа қаулы шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881379-zauyn-sasyn-men-kktajgak-eldi-birkatar-irinde-dabyldy-eskertu-zarialandy/

pixel