Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 110 мыңнан асып кетті

Опубликовано:

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 110 мыңнан асып кетті
Көрнекі фото: Antonio Masiello/Getty Images

Қазақстанда өткен тәулікте тағы 140 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Сoronavirus2020 ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақстанда ПТР-тесті оң нәтижесі көрсеткен коронавирус бойынша 2020 жылғы 25 қазандағы эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 140 жағдай тіркелді",– делінген ресми хабарламада.

Аймақ бойынша:

Алматы қаласында - 14662(+15),

Нұр-Сұлтан қаласында -14433(+23),

Атырау облысында - 11257(+3),

Қарағанды облысында - 10500(+10),

Шығыс Қазақстан облысында - 9167(+25),

Батыс Қазақстан облысында - 6966(+5),

Алматы облысында - 5089(+8),

Солтүстік Қазақстан облысында - 4364(+9),

Жамбыл облысында - 4172(+3),

Павлодар облысында - 4156(+12),

Ақмола облысында - 3634(+14),

Қостанай облысында - 3587(+6),

Түркістан облысында - 3408(+2),

Маңғыстау облысында - 3385(+1),

Ақтөбе облысында - 3285(+4).

Осылайша елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 110 542-ге жетті.

Еске салсақ, Нұр-Сұлтан қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жанна Пірәлиеваның қаладағы шектеу және карантин шаралары туралы жаңа қаулысы жарияланған болатын.

Оған қоса, Алматыда медициналық жедел жәрдем қызметінің қызметкерлері коронавируспен ауырса да, өтемақы ала алмағандарын айтып, жанайқайын жеткізген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881382-kazakstanda-koronavirus-zktyrgandar-sany-110-mynan-asyp-ketti/

pixel