Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тау маршруттары қауіпсіз бола түсті: BI Group "Бақыт соқпақтары" жобасының бірінші фазасын сыйға тартты

Опубликовано:

Көк Жайлау
Фото: BI Group

25 қазан күні оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына BI Group компаниясының "Бақыт соқпақтары" (Тропы Счастья) жобасының бірінші фазасы сыйлық ретінде пайдалануға берілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Салтанатты әрі маңызды шараға BI Development Almaty компаниясының бас директоры Айдос Мұқатаев, Іле – Алатау ұлттық паркінің экологиялық ағарту және туризм бөлімінің басшысы Ақбөпе Көкенова, Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Сабина Аманкелді, сондай-ақ спорттық қоғамдастық өкілі, альпинизмнен спорт шебері, "Қар барысы" Андрей Пучинин қатысты.

Жиын басында сөз алған BI Development Almaty компаниясының бас директоры жобаның қала тұрғындары үшін маңыздылығын атап өтті.

«Жобаның алғашқы кезеңінде біздің компания Көк-Жайлауға, Үш ағайынды тауы мен Құмбел шыңына апаратын 12 шақырым соқпақтың жағдайын жақсартты. Тауға шығу қауіпсіз болу үшін біз маршруттардың көрсеткіштері мен кішкентай көпірлер орнаттық, баспалдақтарды жаңарттық, демалуға арналған күркелер мен шолу нүктелерін жабдықтадық. Бұл тұрғындардың пайдасына жарап, сұранысқа ие болады деп үміттенеміз»,- деді ол.

Айдос Мұқатаев аталған жобаның басты мақсаты – даярланбаған туристер үшін тауға шығуды қамтамасыз ету екенін еске салды.

Айдос Мұқатаев, BI Development Almaty Бас директоры
Айдос Мұқатаев, BI Development Almaty Бас директоры. Фото: BI Group

Жалпы «Бақыт соқпақтарының» (Тропы Счастья) инвестициясы 360 млн теңге құрайды. Жоба толығымен BI Group есебінен жүзеге асырылып жатыр.

Өз кезегінде Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Сабина Аманкелді тау маршруттарын жайластыру ғана емес, қолданыстағы экожүйені сақтаудың маңыздылығын айта кетті.

"BI Group компаниясы 25 жылдық мерейтойында сыйлық алудың орнына, халыққа сыйлық беріп жатыр. Холдингке бұл ізгі бастамасы үшін алғыс айтамын. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өткен жылы BI Group холдингінің «Бақыт соқпақтары» (Тропы Счастья) жобасын құру бастамасын қолдаған еді. Бұл – біздің бірлескен жұмыс, бірлескен жеңіс. Аталмыш жоба біздің экожүйемізге ешқандай залал әкелмейді, керісінше қазіргі ландшафтты қорғауға арналған",- деді Сабина Аманкелді.
Сабина Аманкелді, Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы
Сабина Аманкелді, Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы. Фото: BI Group

Ал Іле – Алатау ұлттық паркінің экологиялық ағарту және туризм бөлімінің басшысы Ақбөпе Көкенова BI Group холдингіне аумақты абаттандырып жатқаны үшін алғыс білдіріп, аталған жоба тек туристерге ғана емес, табиғатқа да пайдалы екенін жеткізді.

Мердігерлер тарапынан жоба жетекшісі Александра Кукота болса, соқпақтар халық арасында сұранысқа ие екенін, қазіргі уақытта оны пайдалану да ыңғайлы бола түскенін тілге тиек етті.

Ал альпинизмнен спорт шебері, "Қар барысы" Андрей Пучинин «Бақыт соқпақтары» (Тропы счастья) жобасының нағыз халыққа арналған жоба екенін алға тартты.

"Бұл тауға жаңадан шығып жүрген адамдарға арналған. Қазір олар 90 пайызды құрайды десем артық айтқаным емес. Тау жолдарының болуы – аса қажет дүние. Біздің тауларымыз әлемдік спорт орталықтарының бірі болуға лайықты", - деді ол.
Бақыт соқпақтарының
Фото: BI Group

«Бақыт соқпақтары» (Тропы Счастья) жобасының жұртшылық үшін пайдасы зор. Соңғы жылдары алматылықтар арасында өрмелеуге қызығушылықтың өсуі байқалып келеді. Ал тауға шығу үшін Қазақстанға басқа елдерден де туристер келіп жатыр.

Көк Жайлаудағы соқпақ
Көк Жайлаудағы соқпақ. Фото: BI Group

Қазіргі пандемия жағдайына қарамастан, жобаның бірінші кезеңі бекітілген мерзімде аяқталған. Жоба басталар алдында қоғамдық тыңдаулар мен экологиялық сараптама өткізілді.

Үш жыл бойы іске асатын жоба барысында барлығы 200 шақырым туристік соқпақ салу жоспарлануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881408-tau-marsruttary-kauipsiz-bola-tsti-bi-group-bakyt-sokpaktary-zobasyny-birinsi-fazasyn-syjga-tartty/

pixel