Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық ару жастар практикасы арқылы қалай қызметке орналасқанын айтып берді

Опубликовано:

Центр занятости
Фото: "Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ

Қазіргі таңда Еліміздегі көп деген жастардың бірімен сөйлесіп қалсаң, басты мәселе – тұрақты жұмысқа орналасу немесе жалақының аздығын айтады. Сонымен қатар, туындаған мәселеге әрі қарай шешу жолдарын қарастырмай, көмек жоқтығын айтуда. Сол жастардың ішіне өзімде кіретін болған соң, басымнан өткен оқиғаны айтып өткім келеді.

Менің туған жерім Алматы облысы, Бақбақты ауылы. Мектеп бітіріп, Алматыға жоғары оқу орнына оқуға түстім. Төрт жыл оқып, алға қойған алғашқы мақсатымның жемісін көріп, қолыма дипломымды да алдым.

Ендігі басты мәселе, алтыннан қымбат төрт жыл уақытымды жұмсап, еңбектеніп алған дипломмен жұмысқа тұру болды.

Түйіндеме жасап, біраз жұмыс орындарын араладым. Алайда, барған жұмыс орындарымда алғашқы сұрақ жұмыс өтілімді сұрады, әрине мамандығым бойынша жұмыс өтілім болмады.

Интернет арқылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша беріліп жатқан жарнамаға тап болдым. Жастарға, жұмыс іздеп жүрген азаматтарға көмек көрсетілетіндігі жайлы жазылған болатын.

Сол жарнама Халықты жұмыспен қамту орталығына алып келді. Орталықта мемлекет тарапынан жаңа бітірген түлектерге жұмыс өтілін алу үшін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «жастар практикасын» өте алатындығымды білдім, сонымен қатар, жұмыс өтілін жинау үшін мемлекет тарапынан жалақы төленеді. Жастар практикасына келісіп, Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасына 6 айға практика өтуге жолдады.

Бұл Басқармада өзім сияқты жұмыссыз жандарға көмек беретін бөлімге түстім, сөйтіп 6 айда өтіп кетті. Білімді маман ретінде көрсетіп, эмпатия деңгейі жоғары азаматтарға жататынымды бағалап осы бөлімде тұрақты жұмысқа орналасуды ұсынды.

Қазіргі таңда жұмысқа мемлекеттің, яғни «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізілетін «жастар практикасының» арқасында жұмысқа кіріп, жұмыс атқарып жүргеніме 4 жыл болды.

Осыдан түйген ойым жалақының аздығына қарамай, жастардың басты мәселесі – өз мамандығы бойынша жұмыс өтілін жинау болу қажет.

Талдай еңбек етіп, абыройлы қызмет атқару, халыққа, еліміздің жарқын болашағына үлес қосуды әр азамат мақсат еткені абзал. Ел болашағы жалынды жастардың, тың идея иелерінің қолында. Білім алу бір бөлек, сол білімді ел игілігі үшін пайдалану өз алдына үлкен жүк.

Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы, Еңбек нарығын дамыту бөлімінің бас маманы Рашид Аида.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881423-almatylyk-aru-zastar-praktikasy-arkyly-kalaj-kyzmetke-ornalaskanyn-ajtyp-berdi/

pixel