Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы кинотеатрлары өз қызметін қайта бастауға ресми рұқсат ала алмады

Опубликовано:

Кинотеатр
Көрнекі сурет: Александр Кряжев / РИА Новости

26 қазаннан бастап Қазақстанда кинотеатрларға жұмыс істеуге рұқсат етілді. Бұл шешім премьер-министр Асқар Маминнің қатысуымен өткен ВАК отырысында жарияланған. Алайда бұл рұқсат тек еліміздің эпидемиологиялық ахуалы «жасыл» деп бағаланған аймақтарына ғана берілген. Нәтижесінде тек бірнеше өңірде кинотеатрлар жұмысын бастаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Kinopark желісінің PR-директоры Ерлан Бұхарбаевтың айтуынша, Алматы, Нұр-Сұлтан және басқа да қалалардағы кинотеатрлар өз қызметін жалғастыруға ресми рұқсат алмаған. Бүгін тек Ақтау мен Атыраудың тұрғындары үлкен экраннан фильмдер тамашалай алады.

Сол арада интернетте кинотеатр билеттерінің бағасы шарықтағаны туралы сыбыс пайда болды - Алматыдағы кинотеатрлардың бірінде киноға билеттің бағасы 20 мың теңгені құрағаны сөз етілген. Бұхарбаев бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтып, оның жалған екенін алға тартты.

"Сіздерді бұл ақпаратқа назар аудармауға шақырамын. Алматыдағы кинотеатрлар әлі жұмыс істемейді. Билеттер бағасына келетін болсақ, қазір кино бизнесі ауыр жағдайда болғанымен, біз бағаны ұстап отырамыз. Мәселен, Атырауда фильм көрсетіліміне билеттің бағасы тарифке байланысты 1500-ден 3000 теңгеге дейін бағалануда. Акциялар да бар. Бағалар демократиялық әрі қолжетімді болады", - деді Kinopark желісінің PR-директоры.

Кинотеатрлар ашылғаннан кейін қазақстандықтар нені көреді, жаңа фильмдер көрсетіле ме деген сұрақтарға Бұхарбаев оң жауап берді. Мәселен, Атырау тұрғындары бүгін қазақстандық "Любовь на миллион" фильмінің премьерасын көреді. Сонымен қатар, көрермендер "Мулан", "Аргумент", "Пышка" және басқа да фильмдерді көре алады.

Карантин басталып, кинотеатрлар жабылғаннан кейін қазақстандықтардың көріп үлгермеген фильмдері де эфирге шығады. Сонымен қатар, отандық киноны түсірушілер қазір анағұрлым тиімді жағдайда екендігі алға тартылды. Себебі, репертуардың едәуір бөлігі дәл қазақстандық кинематографияға арналмақ.

Еске салсақ, бұған дейін біз жұмысын қайта бастайтын кинотеатрларға қандай талаптар қойылатынын жазған едік.

Одан бөлек, Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Жанна Пірәлиева елордада кинотеатрлар қандай жағдайда ашылатынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881445-almaty-kinoteatrlary-z-kyzmetin-kajta-bastauga-resmi-rksat-ala-almady/

pixel