Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жандарбек Бекшин: Митинг болсын, той болсын қазір қосымша жиындардың қажеті жоқ

Опубликовано:

Жандарбек Бекшин
Жандарбек Бекшин. Фото: ortcom.kz

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында пандемия кезінде митинг өткізуге қатысты пікірін білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мен митинг пен көпшілік жиналатын іс-шараларды өткізбеуді ұсынамын. Тәжірибе көрсеткендей, қатты ашуланған адамдар мен халық көп жиналған жерде әлеуметтік арақашықтықты сақтау өте қиын. Біз оның қаншалықты қауіпті екендігі туралы айттық", - дейді Бекшин.

Оның сөзінше, адамдар көп жиналатын жерлерде инфекция жұқтыру қаупі артады. Санитар дәрігер адам өзгенің жанында 15 минуттан артық тұрса, онда вирус жұқтыруы мүмкін екенін айтады.

"Бұл ғылыми тұрғыда дәлелденген. Аурулардың көбеюіне байланысты митинг болсын, той болсын қазір қосымша жиындардың қажеті жоқ, мен мұны эпидемиолог ретінде мәлімдеймін", - деді Бекшин.

Еске сала кетсек, бұған дейін Жандарбек Бекшин Алматы кинотеатрларының жұмыс істеуіне рұқсат берілгенін айтқан еді.

Оның сөзінше, 26 қазаннан бастап кинотеатрлардың жұмыс істеуіне рұқсат берілген. Осы ретте залдың сыйымдылығы 30 пайыздан аспауы керек.

Сондай-ақ кинотеатр әкімшілері infokazakhstan.kz порталынан тіркеуден өтуі керек. Маска режимі, әлеуметтік қашықтық пен шахмат бойынша отырғызуды сақтау керек.

Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте 140 адамнан коронавирус анықталып, ауру жұқтырғандардың жалпы саны 110 мыңнан асты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881546-zandarbek-beksin-miting-bolsyn-toj-bolsyn-kazir-kosymsa-ziyndardy-kazeti-zok/

pixel