Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкемнің таңдауы": Ақтөбе облысының әкімі жұбайымен қалай танысқанын айтып берді

Опубликовано:

Оңдасын Оразалин
Фото: Aktobe Press Service

Ақтөбе облысының басшысы Оңдасын Оразалин "Диапазон" басылымына берген сұхбатында болашақ жарымен қалай танысқанын айтып берді.

Оңдасын Оразалин 56 жаста, ол Ақтөбеде дүниеге келген. "Ағылшын тілі мұғалімі" және "заңгер" мамандығы бойынша екі жоғары білімі бар. 2000 жылдан бастап мемлекеттік органдарда, ал 2019 жылдан бастап Ақтөбе облысы әкімі қызметін атқарып келеді.

Оразалиннің сөзінше, қала тұрғындары оның кәсіпкер болғанын біледі. Ол 1990 жылдары Рика-ТВ пен Рика-Банктан бастаған, қазір жарнама - ақпараттық агенттікті басқа адамдар басқарады.

"2000 жылы мені Мұғалжар ауданы әкімі етіп тағайындады, сол кезде кәсіптен алшақтай бастадым. Кәсіппен немесе айналысу керек, немесе тоқтату керек. Ол адамды толығымен сіңіреді. 1990 жылдан 2000 жылға дейін кәсіппен айналысқан уақытта мен бір де бір күн демалуға, еңбек демалысында жанұяммен қыдыруға мүмкіндік алмадым", - дейді ол.

Сондай-ақ Оңдасын Оразалин жұбайымен қалай танысқанын айтып берді. Ол жарымен 25 жасында кездескен. Ол уақытта Оразалин әскерде отан алдындағы борышын өтеген, жоғары білім алып, ағылшын тілі кафедрасында жұмыс істеп, педагогикалық институт комсомолы комитетініің хатшысы болып жүрген.

Бір күні орда бұзар жасқа таяған ұлын әкесі шақырады. Ол баласының ойында жүрген қызы туралы білгісі келеді. Алайда ол уақытта сүйіктісі болмаған.

"Сонда әкем бірден "Маған осы қыз ұнайды, соған үйленгеніңді қалаймын" деп 18 жасқа енді толған қызды айтты. Ол педагогикалық институтта жаңа ашылған "қазақ тілі мұғалімі" мамандығына түсуге келген. Бірақ, сол жылы оқуға түсе алмады. Әкем өтемақы ретінде оған болашақ күйеуін тауып беріп, бізді таныстырды. Мен сол кезде оны бірінші рет көрдім. Әкем де", - деп есіне алды өңір басшысы.

Оңдасын Оразалиннің айтуынша, әкесі инженер - құрылысшы болып жұмыс істегенімен, жақсы психолог болған, адамдарды тани білген.

"Әкемнің таңдауы өте дұрыс болды. Жарыммен 32 жыл біргеміз", - дейді облыс әкімі.

Облыс басшысының сөзінше, жұбайы балабақша тәрбиешісі мамандығын бойынша білім алып, кейін университетті "қазақ тілінің мұғалімі" мамандығы бойынша бітірген.

"Әйелім - мені басты қатаң сыншым. Ол менің қазақ тіліндегі сөздерімді үнемі түзеп отырады", - дейді Ақтөбе облысының әкімі.

Айта кетейік, дәл осы сұхбатында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин жалақысының мөлшерін жариялап, отбасы жайлы айтқан еді.

Ал осыған дейін бірқатар қала және облыс әкімдері, атап айтқанда, Павлодар, Орал, Атырау қаласы әкімдері жалақы мөлшерін жария еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881653-kemni-tadauy-aktbe-oblysyny-kimi-zbajymen-kalaj-tanyskanyn-ajtyp-berdi/

pixel