Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да 16 жастағы қыз жанып жатқан үйден үш бауырын аман-есен алып шыққан

Опубликовано:

16 жастағы қыз үш баланы өрттен алып шықты
Оқиға орны. Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында 16 жастағы қыз үш баланы өртеніп жатқан үйдің ішінен аман алып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін түнде Жәнібек ауылындағы аумағы 25 шаршы метр болатын екі бөлмелі жеке тұрғын үй өртке оранған.

Үйдің 1983 жылы туған иесі иіс газынан уаланып, ауруханаға жеткізілген. Алайда келіншек медициналық мекемеде қайтыс болған.

Сонымен бірге ТЖМ хабарлауынша, үйдің үлкен қызы өрттен кәмелет жасына толмаған үш баланы алып шыққан. Ол өрт сөндірушілер келгенше балаларды терезеден шығарған. Бауырларын аман алып қалған қыз 16 жаста.

Өрттің себебі электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу болуы мүмкін. Өрт 4:56-да сөндірілген.

Еске сала кетсек, Шығыс Қазақстан облысы Секисовка ауылында 7 және 15 жастағы қыздар иіс газынан уланып қайтыс болғанын хабарлаған едік.

Апалы-сіңілілі екеуі әпкесінің үйінде қалып, өз беттерінше пеш жаққан. Таңертең оларды әпкелері ес-түзсіз күйінде тауып алған.

Айта кетсек, бұған дейін Тараз қаласында тұрғын үй өртке оранып, салдарынан екі және үш жастағы балалардың көз жұмғанын жазған едік.

Болжам бойынша өлім – иіс газынан уланудан болған. Осы дерек бойынша қылмыстық кодекстің 292 бабы 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған (екі және одан да көп адамның өліміне апарған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881677-bko-da-16-zastagy-kyz-zanyp-zatkan-jden-s-bauyryn-aman-esen-alyp-sykkan/

pixel