Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сабуров YouTube жарнама кірістері бойынша ресейлік блогерлерден озып кетті

Опубликовано:

Нұрлан Сабуров
Фото: LABELCOM YouTube арнасы

Әзілкеш Нұрлан Сабуров YouTube желісіндегі жарнама кірістерінен ресейлік блогерлер арасында рекордтық табысқа жетті. Әйгілі интервьюер Юрий Дудь тек бесінші орынға жайғасты деп жазады Forbes Ресей.

Forbes YouTube блогерлерінің алғашқы рейтингін жасады, онда бағалаудың негізгі критерийі инфлюенсер арналарында орналастырылған жарнамадан түскен кірістер болды.

Бірінші орынды Нұрлан Сабуров және LABELCOM арнасындағы серікстері иеленді. Бір жыл ішінде олар 3,55 миллион доллар тапқан. LABELCOM-ға 4,5 миллионнан аса адам жазылған. Арнаның негізгі жобасы - " Әрі қарай не болды?". Бес әзілкеш студияға қонақты шақырады, ол оқиғаны баяндайды, ал әзілкештер оны күлкілі түрде жалғастыруы керек. Мұның бәрі қатал әзіл мен әдепсіз сөздермен бірге жүреді. Бағдарламаны Нұрлан Сабуров жүргізеді.

Сондай-ақ, арнада "Comedy Battle" жобасындағы "Лена Кука" (Тамби Масаев, Рустам Рептилоид) дуэтінің шоуы, Алексей Щербаковпен Roast Battle шоуы және тағы басқалар бар.

LABELCOM жарнамасына бірнеше ай бұрын тапсырыс беру керек, ал клиенттер арасында "Газпром Нефть" және Samsung бар.

Рейтигінің екінші орнында 3,41 миллион доллар табысы бар Wylsacom техноблогері орналасты.

Үшінші орында "Чикен Карри" арнасымен 1,13 миллион доллар кіріс табатын Александр Гудков тұр.

Ал төртінші орынға 980 мың доллар кіріспен Юрий Дудь жайғасты.

Ал бесінші орында Антон Лапенко тұр. Оның да жылдық кірісі 980 мың долларды құраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881745-saburov-youtube-zarnama-kiristeri-bojynsa-resejlik-blogerlerden-ozyp-ketti/

pixel