Маман павлодарлықтарды амандасқанда қол алыспауға шақырды
Жарияланған күні:
Павлодарда өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференциясында облыс бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті басшысының орынбасары Зәмзәгүл Досжанова коронавирусқа байланысты тұрғындарды қол алысудан бас тартуға шақырды деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Досжанованың сөзінше, 26 қазаннан бастап еліміздің бас санитарлық дәрігерінің үш бірдей қаулысы күшіне енген. Соған сәйкес, бірқатар карантиндік іс-шаралар күшейтілген.
"Айталық, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының жұмысы тағы бір сағатқа қысқартылды. Сонымен бірге мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік нысандарының жұмыстарындағы шектеулер сақталады. Аталған мекемелерде қызметкерлердің 30 пайызына ғана жұмысқа барып істеуге рұқсат берілген, қалған 70 пайызы – қашықтықта қала береді", - дейді Зәмзәгүл Досжанова.
Өңірде көпшілік жиналатын мәдени, спорттық, отбасылық, салтанатты рәсімдердің өткізілуіне тыйым сақталды. Оның ішінде кинотеатрлардың жұмысына да рұқсат берілмейді.
Қоғамдық көлік те бұрынғысынша жексенбі күндері істемейді. Ойын-сауық және сауда орталықтары да демалыс күндері қызмет көрсетпейді.
Шектеулердің сақталуына облыста коронавирусты жұқтырудың репродуктивті саны 1 бірліктен асып, апта сайынғы ауру жұқтыру өсімінің артуы себеп болған.
Оған қоса, осы жолы жеке тұлғалардың, яғни қарапайым тұрғындардың карантиндік шараларды сақтауына баса көңіл аударылған.
"Әртүрлі нысандарға барғанда әлеуметтік ара қашықтықты сақтап, адамдармен қол алысудан бас тарту керек. Бұл коронавирус жұқтырудың алдын алу үшін жасалынуда. Әрине, бұл ұсыныс қана. Дегенмен, маска тағу секілді талаптардың орындалуына назар аударылады", - дейді Зәмзәгүл Досжанова.
Сонымен бірге облыста үш адамнан көп топпен және бетпердесіз саябақтарда серуендеуге тыйым салынады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысында шектеулер шаралары қайта күшейтілгенін хабарлаған едік.
Сонымен қатар 25 қазанда Павлодарда мониторингтік топ пандемияға байланысты енгізілген шектеу шараларын бұзудың 5 дерегін анықтағанын жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881798-maman-pavlodarlyktardy-amandaskanda-kol-alyspauga-sakyrdy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.