Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық студенттер Ресейдегі оқуға кете алмай отыр

Опубликовано:

Студенттер1
Көрнекі фото: pixabay.com

Ресейлік жоғары оқу орындарында білім алатын қазақстандық студенттер дәстүрлі түрдегі оқуға кірісу үшін көрші мемлекетке кете алмай отыр. Ал осыған дейін бұл мәселе шешімін тапқаны хабарланған еді.

Ресей университетіне оқуға түскен қазақстандықтармен "Еуразия" бірінші арнасы тілшілері тілдесіп қайтқан. Омск аграрлық университеті магистрантының айтуынша, көптеген тақырып тәжірибелік дәрістерді қажет етеді, оларды қашықтан игеру қиын. Бірақ, студенттердің қазір басқа амалы жоқ.

Телеарна ақпарынша, Ресейде Қазақстанның 10 мыңнан аса студенті білім алады. Қазір олардың бәрі бір жағдайға тап болып отыр. Тілшілердің есептеуінше, Петропавл студенттері Омск қаласындағы оқуға автобуспен бару үшін екі мың теңге және 4 сағат уақыт жұмсап жүрген.

Енді үйінен 300 шақырым ғана алыс орналасқан қалаға бару үшін олар алдымен Нұр-Сұлтанға, елордадан ұшақпен Мәскеуге, ал Мәскеуден Омскіге пойызбен немесе ұшақпен жетуі тиіс. Жолға кететін шығыннан бөлек, студенттер ПТР анықтамаға да ақша төлеуге міндетті. Онсыз халықаралық рейстерге рұқсат жоқ.

"Еуропа ресейлік студенттер үшін шекараны ашты. Яғни, олар еш кедергісіз кіре алады. Ал біз жоқ, неге? Тек Қазақстанның емес, көп елдердің студенттері кіре алмай отыр", - деді Түмен индустриалдық университеті студенті Анна Неволько.

Студенттердің бірі телеарна тілшісіне шекараны түрлі жолмен кесіп өтпек болғанын жеткізді. Ол ем қабылдаймын деген сылтау да айтқан, чартерлік рейстерге де отырмақ болған, алайда көрші мемлекетке жете алмаған.

Телеарна ақпарынша, қыркүйек айында қос мемлекеттің Сыртқы істер министрлігі басшылары студенттердің шекарадан өтуі мәселесі шешілгенін, ешқандай кедергі болмайтынын мәлімдеген. Ал қазір студенттерге тек еріктілер көмектесіп жүр.

"Қазіргі уақытта студенттер сырғытпа жауап алып отыр, мәселе шешімін табар емес", - деді ерікті Ирина Соловьева.

Ол қазақстандықтар коронавирус жұқтырған жағдайда емге қаражатты өз қалталарынан шығаруға дайын екенін, қажет болған жағдайда, келісімшартқа қол қоятынын жеткізді.

Ал әуе компаниясы Ресейге барлық ниет білдіргендерді жеткізу үшін Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосибирск, Казань қалаларына шамамен 7-12 рейс жасау қажет екенін жеткізді.

Телеарна қазақстандық Сыртқы істер министрлігінен әлі пікір алмаған.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда тағы 148 адам коронавирус жұқтырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881821-kazakstandyk-studentter-resejdegi-okuga-kete-almaj-otyr/

pixel