Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

100 жастағы зейнеткер өмірінде алғаш рет орта мектептің түлегі атанды

Опубликовано:

Қария
Көрнекі сурет: pixabay.com

АҚШ-та 100 жастағы зейнеткер орта мектептің түлегі атанды. Ол осылайша балалық шағының арманын жүзеге асырған деп жазады fixygen.ua.

Жақында 100 жасқа толғалы отырған АҚШ тұрғыны Альберт Монтелла орта мектепті тәмамдағаны туралы дипломға ие болды. Оған құжатты Пенсильвания мектеп округінің басшысы Элеонор ДиМарино-Линнен табыстаған.

Дипломды табыстау рәсімі Sunrise of Granite Run қарттар үйінде өтті.

"Қатты қобалжудамын, өйткені мен мұны ешқашан күткен емеспін, шынымен де күткен емеспін", - деп мойындады Монтелла.

Ол 1938 жылы отбасына көмектесу үшін орта мектепті тастауға мәжбүр болған екен. Содан кейін АҚШ Екінші дүниежүзілік соғысқа араласып, Монтелла флотқа кеткен.

"Ол біздің елге қызмет етті, біздің қоғамды қолдады және көмектесті, осының бәріне ол ештеңе сұрамады. Сондықтан ол 100-ге толған кезде біз оған кішігірім құрмет көрсетуді ұйғардық", - деді ДиМарино-Линнен.

Дипломды табыстау салтанатына Монтелланың туыстары, немерелері мен шөберелері, достары мен таныстары қатысты.

"Менің атам басқалар үшін өзін құрбан етті. Біздің отбасымызға көмектесу үшін мектептен кетті. Ал бүгінде ол 100 жаста - біз өте қуаныштымыз", - дейді түлектің немересі Мишель.

Еске салсақ, бұған дейін біз 80 жыл ішінде шашын қимаған қария 5 метрлік бұрымының қасиетті екеніне сенетінін жазған болатынбыз.

Одан бөлек, 60 жылдан соң қайта қалыңдық пен күйеу жігіт болған қарт кісілер елдің жүрегін тебіренткенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881884-100-zastagy-zejnetker-mirinde-algas-ret-orta-mektepti-tlegi-atandy/

pixel