Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда есірткі мен қару жасырған ер адам қолға түсті (видео)

Опубликовано:

Арнайы операция
Скриншот: Нұр-Сұлтан ПД

Полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтанда арнайы операция өткізіп, есірткі мен қару жасырған ер адамды қолға түсірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Арнайы операция барысында есірткі сатты деген күдікке ілінген Жамбыл облысының тұрғыны ұсталған.

27 қазанда Lada Granta көлігінің жүргізушісін тоқтатқан полицейлер көлікті тінту барысында орындықтың астынан травматикалық тапанша мен оқ-дәрілерді, сондай-ақ сатуға дайындалған 11 бума есірткі затын тауып алады.

Сонымен қатар, салоннан гашиш салынған полиэтилен пакеті табылды. Белгілі болғандай, ұсталған 30 жастағы азамат Жамбыл облысында тұрады. Ол бұрын қарақшылық қылмысы үшін сотталған. Қазіргі уақытта ол уақытша оқшаулағышқа қамалған.

"Арнайы операция нәтижесінде заңсыз айналымнан 2 келіден астам есірткі алынды, олардың бағасы қара базарда 3 миллион теңгеден асады", - деп хабарлады полиция.

Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша тергеу басталды. Күдікті 10 жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салсақ, бұған дейін біз полицейді ұрған Қарағанды тұрғыны 7 жылға сотталып кеткенін жазған едік. 31 жастағы Қарағанды ​​тұрғыны тәртіп сақшысының мұрнын баспен ұрып, содан кейін оған жұдырық сермей бастаған.

Одан бөлек, сыбайлас жемқорлық салдарынан ел бюджетіне қандай зиян келгенін жазған болатынбыз. Ranking.kz хабарлауынша, 2020 жылы тіркелген парақорлық туралы статистика төмендеді. Алайда, мұндай құқық бұзушылықтардан келген зиян мөлшері бірнеше есе өскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881913-nr-sltanda-esirtki-men-karu-zasyrgan-er-adam-kolga-tsti-video/

pixel