Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа туған сәбиін тоңазытқышқа салған 14 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Опубликовано:

Нәресте
Көрнекі фото: pixabay.com

Ресейлік Новосибирскіге қарасты ауылдардың бірінде 14 жастағы қыз босанып, жаңа туған сәбиді мұздатқышқа салып өлтірген. Қазір аталған дерекке қатысты тергеу жүріп жатыр.

Оқиғаның егжей-тегжейін Тергеу комитеті облыстық басқармасы өкілі Анастасия Кулешова РИА Новости-ға айтып берді.

Агенттік дереккөзінің сөзінше, бойжеткен баланы үйде босанып, бірден тоңазытқыштың мұздатқышына салған. Қазір істің мән-жайы анықталуда.

Новосибирск облысындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Надежда Болтенко оқиға жайлы жедел жәрдем қызметкерінен белгілі болғанын мәлімдеді. Фельдшер полицияға аудандық орталық ауруханаға босанып, сәбиді тоңазытқышқа салғанын мойындаған қыз жеткізілгенін хабарлапты.

"Анасы қызының жүкті болғанын білмедім дейді. Бойжеткен ұйықтап жатқанда жағдайы нашарлаған, ол айғайлап, іші ауырып жатқанын айтқан. Ал анасы бірден жедел жәрдем шақырған, ол қызында соқырішек деп ойлапты", - дейді омбудсмен.

Бойжеткен өз істегенін тек фельдшерге айтыпты. Көп қан жоғалтқан ол қазір ауруханада жатыр. Жағдайы ауыр деп бағалануда. Болтенко қызды облыстық ауруханаға ауыстыру мәселесі қарастырылып жатқанын да айта кетті.

Омбудсменнің сөзінше, оқиғаға қатысты көптеген сұрақ туындап отыр. Мәселен, қыз түнде қыдырып, тәртіп бұзғаны және мектепке бармағаны үшін Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімшеде профилактикалық есепте тұрған. Алайда тұрғылықты жері мен мектепте оған оң пікірлер айтылып отыр. Толық отбасында тәрбиеленген. Анасы қызының салмақты екенін, соңғы уақытта үйде болып, үй істеріне көмектескенін жеткізген.

"Маған ол бөлімшеде есепте тұрса да, мектептен неге оң баға алып отырғаны түсініксіз. Сондықтан қазір мектепте, аудан әкімшілігіне, профилактика органдарына, полицияға сұраныс жібердік. Мәселе себептерде болып тұр. Бұл жағдайда көп нәрсе түсініксіз. Ең бастысы, қыз аман қалса болды. Кейіннен олқылық кімнен кеткенін анықтаймыз. Егер профилактикалық есепте тұрса, есеп қалай жүргізілді? Қандай шаралар өтті? Мектеп хабардар ма?", - деді Болтенко.

Еске салайық, өткен жылдың күзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері Атырау облысы перинаталдық орталығының бас дәрігері Қуаныш Нысанбаевты, сондай-ақ жаңа туған нәрестені өлтірді деп айыпталған акушер-гинекологты тұтқындаған еді.

Қызметкерлер баланы өлі туды деп рәсімдеген. Алайда одан тіршілік нышаны байқалған кезде дәрігерлер құжаттарды қайта реттегісі келмей, оны тоңазытқыш камерасына жіберген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882023-zaa-tugan-sbiin-toazytkyska-salgan-14-zastagy-kyz-auyr-halde-zatyr/

pixel