"Сенің ойыңды ешкім сұраған жоқ": Оқушыға дөрекі сөз жазған ұстаздың басы бәлеге қалды
Жарияланған күні:
Краснодарға қарасты Ейск қаласында мектеп мұғалімі шығармада өз ойын білдірген 10- сынып оқушысына "үш" деген баға қойған.
Жергілікті мектеп директоры шығармада өз ойын жазғаны үшін "үш" алған оқушы Владтан кешірім сұраған. Бұл туралы Znak.com басылымына бастапқыда баға туралы айтып, әлеуметтік желіні шулатқан Владтың әпкесі Анастасия Новисихина баяндап берді.
"Мұғалім түсініктеме жазатын болды. Ал анам мен інім әкімшілікке кетті. Директор кешірім сұрады", - дейді Анастасия.
"Медуза" басылымының мәліметінше, оқушы адамдар қолы босамағандықтан, "күздің кереметтерін байқауды" ұмытқанын жазған. Олар "жақсыны көруге тырыспайды, тек жаманды көреді" деген ол.
Ал мұғалім Владқа "үш" деген баға қойып, "Сенің ойыңды ешкім сұраған жоқ! Ол өте көп!" деп жазған.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылында оқушылар арасындағы төбелеске қатысты істің жабылғанын хабарлаған едік. Төбелес кезінде миы шайқалған оқушы психологиялық күйзеліске түскен. Жасөспірімнің ата-анасы ендігі көмекті прокурор мен соттан сұрап отыр.
Оқушы қыздар арасындағы төбелес 20 қыркүйек күні сағат 15:00- де тіркелген еді. Төбелеске Кеңқияқ, Шұбарши, Сарыкөл ауылдарындағы үш мектептің 8, 9, 10-сынып оқушы қыздары қатысқан. Қыздар арасындағы түсініспеушілік WhatsApp-та басталып, кейін одан сырт жерде жалғасқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882040-seni-ojydy-eskim-sragan-zok-okusyga-dreki-sz-zazgan-stazdy-basy-blege-kaldy/