Әмір Темірдің қабірін ашқан сәттен сирек кадрлар пайда болды (фото)
Жарияланған күні:
"Узархив" агенттігі алғаш рет Самарқандтағы Әмір Темір кесенесінде атақты Әмір Темірдің қабірін ашқан сәттің кадрларын ұсынды.
Қазіргі уақытта суреттердің барлығы Самарқанд облыстық мемлекеттік мұрағатында сақтаулы тұр деп жазады Sputnik Өзбекстан.
"Әмір Темір қабірін ашуды 1941 жылы экспедиция төрағасы Т. Н.Кори-Ниязи мен антрополог М. М. Герасимов басқарды", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 1941 жылы маусымда КСРО үкіметі Әмір Темір мен оның туыстарының қабірін ашу туралы шешім қабылдады. Аңыз бойынша, егер Темірланның қабірін ашса, соғыс басталады деген болжам болған. Шынында да, 1941 жылы қабір ашылғаннан кейін Ұлы Отан соғысы басталды.
Айта кетсек, бұған дейін Алматы облысы Бақанас ауылына қойылып жатқан мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаев ескерткішінің фотосы әлеуметтік желіні шарлап кеткен еді. Тарихи тұлғаның бейнесі көпшіліктің көңілінен шықпаған.
Ал Алматы облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы ескерткіштің демеушілердің қаражатына қойылып жатқанын мәлімдеген болаты. Кейін ескерткіштің құрылысы уақытша тоқтатылғаны белгілі болды.
Сонымен қатар Қызылорда тұрғындары ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың суреті салынған муралды сынға алған еді.
Қала әкімдігі елдің сынына жауап беріп, ақынның муралын жергілікті "Энерго-Ойл" компаниясы қызылордалықтарға сыйға тартқанын айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882051-mir-temirdi-kabirin-askan-stten-sirek-kadrlar-pajda-boldy-foto/