Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Kaspi.kz бөлімшесіне шабуыл жасаған күдіктілер қолға түсті (видео)

Опубликовано:

Kaspi.kz шабуыл жасағандар ұсталды
Видеодан кадр: Алматы Полиция департаменті

Алматы полицейлері Kaspi.kz қаржы ұйымы бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді ұстады. Қылмыс қазан айының ортасында болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Құқыққорғау органдары бөлімшеге шабуыл жасады деген күдікпен 35, 34 және 28 жастағы үш азамат қолға түскенін мәлімдеді. Қос күдіктіні Алматы криминалдық полиция жедел қызметкерлері ұстаған. Ал олардың сыбайласын бүгін Оралда Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті қызметкерлері құрықтады.

"Заттай дәлелдемелер мен ұрланған ақша қаражаты алынып, ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлімі бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы тергейтін қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді", - делінген құқыққорғау органдарының хабарламасында

Бұзақылар шабуыл жасаған кезде қолданған аңшылық мылтық олардың біріне тиесілі екені анықталды. Ұсталғандар қамауға алынды.

Айта кетейік, Алматы қаласында Kaspi.kz филиалына 15 қазан күні қарақшылық шабуыл жасалған болатын. Қаруланған екі адам екі миллионға жуық теңгені ұрлап, қаржы ұйымын тонаған.

Әлеуметтік желіде таралған видеоға қарағанда, ер адамдардың бірі касса әйнегін балтамен сындырады, содан кейін кассаның қызметші отыратын бөлігіне өтіп, ақша жинай бастайды. Абырой болғанда, бөлімше қызметкерлері зардап шекпеген, полиция дүрбелең басталғаннан кейін көп ұзамай оқиға орнына келіп жеткен.

Ал осыдан бірнеше күн бұрын ауқымды техникалық ақаулары байланысты Kaspi.kz уақытша істен шыққан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882312-kaspikz-blimsesine-sabuyl-zasagan-kdiktiler-kolga-tsti-video/

pixel