Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда ЖШС директоры 1,5 млн теңге пара үшін 45 млн теңге айыппұл арқалады

Опубликовано:

Ақша теңге1
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

"Тұрғын үй жөндеу – Тараз" ЖШС директоры 1,5 млн теңге пара алғаны үшін 45 млн теңге айыппұл төлейді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"21 қазанда Тараз қаласы №2 сотының үкімімен "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген 10 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жедел аударғаны үшін компания директорынан 1,5 млн теңге сомасында пара алу күдігіне ілінген "Тұрғын үй жөндеу – Тараз" ЖШС директоры (мемлекеттің 100% үлесі, құрылтайшысы – Тараз қаласы әкімдігі) С.Ж. Мырзалиев параның отыз еселенген сомасы, яғни 45 млн теңге мөлшеріндегі айыппұл төлеу жазасына тартылды", – деді Данияр Биғайдаров Facebook парақшасында өткен онлайн брифингіде.

Айта кетейік, екі апта ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бұрын аяқталған қылмыстық істер бойынша 23 адамға қатысты 17 айыптау үкімі шығарылды, олардың 15-і әртүрлі деңгейдегі басшылар.

Бас бостандығынан 7 адам айырылды, бесеуінің бас бостандығы шектелді, еселік айыппұл сомасы 80 млн теңгеден астам еселік айыппұлдарға 10 адам тартылды. Сонымен қатар, жымқыру фактілері бойынша - 4, алаяқтық үшін – 3, пара бергені үшін – 3, пара алғаны үшін – 10 және құжаттарды бұрмалағаны үшін 2 адам жазаға тартылды.

Еске салсақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жамбыл облысында коронавируспен күреске бөлінген бірнеше миллион теңгенің ұрлануы бойынша тергеу жүріп жатқанын жариялады. Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері күдікке ілінді.

Оған қоса, Ақмола облысында 700 млн теңге жымқырды деген күдікпен әкімдіктің аудандық бөлімінің басшылары бастаған лауазымды тұлғалар тобы ұсталғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882331-tarazda-zss-direktory-15-mln-tege-para-sin-45-mln-tege-ajyppl-arkalady/

pixel