Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында ауыл әкімі 4 жылға сотталды

Жарияланған күні:

Түрме
Көрнекі фото: acca.media

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері онлайн-брифинг барысында Түркістан облысы Ескі Иқан ауылының бұрынғы әкіміне қатысты сот үкімі шыққанын мәлім етті. Ол пара алу бойынша айыпталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, Түркістан облысында ауыл әкімі Муслимов 4 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол алдын ала келісілген соманың бір бөлігі ретінде 2 млн теңге пара алған.

Аталған қаражат шенеунікке шаруа қожалығына арналған жер учаскесінің ситуациялық схемасына қол қою үшін берілген.

Айта кетейік, бұған дейін 11 жылға соттау туралы үкім шығарылған БЖЗҚ бұрынғы басшысының қорғаушысы Александр Блокқа іздеу салынғанын хабарлағанбыз.

Блокпен бірге айыпталушылардың қатарында қорғаушы Гүлнара Смағұл болған. Екі қорғаушы да алдын ала сөз байласу арқылы пара беруге және ақша жымқыруға арандату бойынша кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылған.

Сотқа шақырту алғанымен, Александр Блок отырысқа келмей, сот үкімін бейнебайланыс арқылы естіген.

Ал оны тергеу изоляторына жеткізу керек болғанда полицейлер заңгерді үйінен таппаған. Әйелі оның қайда екенін білмейтінін алға айтқан. Нәтижесінде Александр Блокқа іздеу салынған.

Сонымен қатар бұған дейін Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының не себепті қамауға алынғаны хабарланған еді. Айта кетейік, ол 7,8 миллион теңге пара алған деп күдіктелген болатын

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, басқарма басшысы мен оның сыбайласына қатысты тергеу басталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882338-trkistan-oblysynda-auyl-kimi-4-zylga-sottaldy/