Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

11 жылға сотталған БЖЗҚ экс-басшысының қорғаушысына іздеу салынды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

11 жылға соттау туралы үкім шығарылған БЖЗҚ бұрынғы басшысының қорғаушысы Александр Блокқа іздеу салынды. 26 қазанда сот үкімі шыққан, алайда айыпталушы сотқа келмеді деп хабарлайды "Время" басылымы.

Басылымның мәліметінше, Блокпен бірге айыпталушылардың қатарында қорғаушы Гүлнара Смағұл болған. Үкімді судья Еркін Майшинов шығарды. Екі қорғаушы да алдын ала сөз байласу арқылы пара беруге және ақша жымқыруға арандату бойынша кінәлі деп танылды. Оларға қатысты 11 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты.

Белгілі болғандай, жәбірленушілердің өтініштеріне қарамастан, сот айыпталушыларды қамауға алудың ешқандай қажеттілігі жоқ деп тапқан. Сотқа шақырту алғанымен, Александр Блок отырысқа келмей, сот үкімін бейнебайланыс арқылы естіген.

Сотталушыны тергеу изоляторына жеткізуі тиіс болған полицейлер заңгерді үйінен таппаған. Әйелі оның қайда екенін білмейтінін алға тартты.

Нәтижесінде қорғаушыға іздеу салынды.

Айта кетейік, 2017 жылы қаржы жымқыру және пара алу күдігіне ілінген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) бұрынғы басқарма төрағасы Руслан Ерденаевтың қорғаушысы Александр Блок клиентінің "айыбын мойындағанын" хабарлаған еді.

Сондай-ақ бұған дейін Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының не себепті қамауға алынғаны белгілі болды. Айта кетейік, ол 7,8 миллион теңге пара алған деп күдіктелген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882325-11-zylga-sottalgan-bzzk-eks-bassysyny-korgausysyna-izdeu-salyndy/

pixel