Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елбасы Түркия президентіне көңіл айтты

Опубликовано:

Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Elbasy.kz

Қазақстанның тұңғыш президенті Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Елбасы сайты.

Елбасы Түркияның Измир провинциясында жер сілкінісі салдарынан тұрғындардың зардап шегіп, қаза болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.

"Қайғыларыңызға ортақтасып, марқұм болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ бүкіл Түркия халқына көңіл айтамын.

Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігімді білдіре отырып, бауырлас түрік халқының осы ауыртпалықты сабырмен еңсеретініне сенімдімін", – делінген жеделхатта.

Айта кетейік, осыған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдағанын хабарлаған едік.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Измир провинциясындағы жер сілкінісі салдарынан қайтыс болған және зардап шеккен азаматтар туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алған.

"Сізге және осы табиғи апатта жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтасамын. Жарақат алған адамдардың тез арада отбасыларына қайта оралуларына дұға етеміз. Бауырлас түрік халқына шынайы тілекші ел ретінде, қажеттілік туындаған жағдайда, қазақ халқы мен Үкіметі тиісті көмек көрсетуге дайын", – делінген жеделхатта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882445-elbasy-trkia-prezidentine-kil-ajtty/

pixel