Қазақстан тарихындағы алғашқы спортшы: Алексей Луценко Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Велошабандоз Алексей Луценко Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Алексей Луценко тасжолдағы велоспорттан ерлер арасындағы топтық жарыста жеңіске жетті. Ол 157,6 шақырым қашықтықты 4 сағат 13 минут 11 секундта бағындырды.
Осылайша, 34 жастағы Луценко биылғы Азиадада екінші алтынын иеленді. Бұған дейін ол жекелей сында топ жарған болатын.
Луценко Азия ойындары тарихындағы Қазақстанның ең титулды спортшысы атанды. Оның қоржынында алты алтын медаль бар.
2000 жылы спорттық мансабын аяқтаған каноэші Константин Негодяевтің еншісінде бес алтын медаль болған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2431731-qazaqstan-tarihyndagy-algashqy-sportshy-aleksei-lutsenko-aziia-oiyndarynyng-alty-durkin-chempiony-atandy/
