Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұнайдың үстінде отырған Доссор кентінің бүгінгі келбеті қандай (фото, видео)

Жарияланған күні:

Кент
Фото: "Ақ Жайық"

Келесі жылы Мақат ауданы Доссор кентінде мұнай көзінің табылғанына 110 жыл толады. "Қара алтынды" өндіргеніне ғасырдан астам уақыт өтсе де, кент тұрғындары ескі үйлерінде тұрып жатыр деп жазады "Ақ Жайық" басылымы.

Тұрғындарға арнап үкімет тарапынан баспана салу бұл өңірде 50 жылдан астам уақыттан бері мүлде қолға алынбаған екен. Тек 2018 жылы көп қабатты 60 пәтерлік бір үй салынған екен. Ал апатты үйлер саны болса, 100-ден асып жығылады.

Кент
Фото: "Ақ Жайық"

Бұл өңірде ХХ ғасырдың басында салынған үйлерде тұрып жатқандар да бар.

Тұрғын
Фото: "Ақ Жайық"

"Бұл кезінде ағылшындар мұнай шыққанда өздеріне деп уақытша тұрғызылған баспана болуы керек. Сапалы салынғандықтан ба, бір ғасыр өтсе де құламай тұрғаны. Біз мұнда барар жеріміз болмағасын амалсыз тұрып жатырмыз. Іргесі сөгіле бастаған, төбеден топырақ саулап тұрады, жертөледен бір қара май шығады. Үй тіреумен тұр, төбе белдіктері майысқан. Менің көршілерім де сондай жағдайда тұрып жатыр", - дейді ауыл тұрғыны Ұлбала Саналиева.

Кент
Фото: "Ақ Жайық"

Доссорда іргетасы жоқ, шатырсыз, саман тастан тұрғызылған үйлердің қарасы жетіп артылады. Кей тұрғындар ескіріп, құлай бастаған үйлерін тастап, жалдамалы пәтер жалдап кеткен.

Кент
Фото: "Ақ Жайық"

"Көріп тұрғандай, майлап, сайлап тұрып жатырмыз. Төбеден жаңбырда су аққандықтан белдеулер қисайып төмен түсіп барады. Оны тіреп қойып отырмыз, қатты жел болғанда үйіміз сықырлап үстімізге құлап кете ме деп қорқамыз. Жолдасым аурулы, тоқсандағы әкем бар, өзім зейнеткермін. Екі ұлым пәтер жалдап кетті. Олардың бізге баспана тұрғызып беретіндей жағдайлары да жоқ", - дейді зейнеткер Жұмабек Ишанов.

Тұрғын
Фото: "Ақ Жайық"

Басылымның жазуынша, Құдабаев көшесіндегі екі қабатты №18, 19, 21, 22 үйлер болса, қақ жарылып, құлап кету қаупінде тұр. Бұл үйлер апатты деп танылғанымен, тұрғындар қауіпсіз баспаналарға көшірілмеген. Үй тұрғындары аудандық әкімдікті былай қойып, облысқа дейін барғанымен, одан ештеңе шықпапты.

Үй
Фото: "Ақ Жайық"

"Облыстық әкімдіктегілер маған: "Үйіңді майлап-сайлап ал, кезексіз үй берілмейді" деді. Қанша жамасаң да одан пайда жоқ. Бұл үй апатты жағдайда тұр, 60 жыл болған үй. Үйдің іргетасы ажырап, төбеден кірпіштер түсіп жатыр. Біз бір құдайға сыйынып отырамыз, балалармен астында қалатын болармыз. Біздің өлгенімізді қалап отыр ма", - дейді ауыл тұрғыны Лаура Есетбаева.

Лаура
Фото: "Ақ Жайық"

Үй
Фото: "Ақ Жайық"

"Қара алтынның" үстінде отырып, қайыршының күйін кештік" деп күйінеді қамыққан доссорлықтар.

Тұрғындар
Фото: "Ақ Жайық"

Мұнайдың шыққанына 110 жыл болғанда мұнайшылар қалай тойлайтыны әзірге белгісіз.

Еске салсақ, бұған дейін біз елімізде ешкім ештеңе ұрламайтын жалғыз ауыл туралы жазған болатынбыз.

Одан бөлек, Қытайда әлемді аузына қаратқан "жасыл үйден" тұрғындар не себепті безіп жатқанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882550-mndajy-stinde-otyrgan-dossor-kentini-bgingi-kelbeti-kandaj-foto-video/