Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қыс қандай болады: Синоптиктер өз болжамын ұсынды

Опубликовано:

Қыс
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазгидрометтің синоптиктері алдағы қыс қандай болатынын хабарлады деп жазады Sputnik Қазақстан агенттігі.

Ауа райын болжаушылардың мәліметінше, 2020-2021 жылдардың қысы өткен жылғы қысқа ұқсас, яғни жылы және жауын-шашынды болады деп болжанып отыр.

Өткен жылдың қысында республика аумағына Атлантика аймақтарынан жылы және ылғалды ауа массалары жиі кіріп тұрғаны белгілі.

Жер қабатында белсенді циклондық әрекет байқалып, атмосфералық фронттардың өтуі жиіледі, соған байланысты еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын мол түскен.

Мамандар алдағы қыста ел аумағында температура климаттық нормадан 1-2 градусқа жоғары болатынын, тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында таулы және тау бөктеріндегі аумақтарда норма төңірегінде қалыптасатынын мәлім етті.

Желтоқсан мен қаңтарда Қазақстанның батысын қоспағанда, республиканың басым аумағында ауа райы жауын-шашынды болады, ақпанда жауын-шашын республиканың басым бөлігінде нормадан жоғары, ал оңтүстік-батыстың жартысында норма шамасында түседі деп болжануда.

Ал көктемнің басы, яғни наурыз айы жылы болады, жауын-шашын аз түседі дейді синоптиктер. Олардың сөзінше, ауаның орташа айлық температурасы Қазақстанның басым бөлігінде нормадан 1-2 градусқа жоғарылайды, ал Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы және тау бөктері аумақтарында – норма шамасында болмақ.

Жауын-шашын мөлшері аумақтың көп бөлігінде нормадан аз, солтүстікте және Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарының оңтүстік-шығыс бөлігінде норма шамасында, Шығыс Қазақстан тауларында нормадан көп болады деп болжанған.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қараша айынан бастап Қазақстанда не өзгеретінін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882660-kazakstanda-kys-kandaj-bolady-sinoptikter-z-bolzamyn-syndy/

pixel