Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әліппе" қаңтар айынан бастап тәжірибе жүзінде оқытылмақ

Жарияланған күні:

Әліппе1
Фото: edu.org.kz

"Әліппе" оқулығы 2021 жылдың қаңтар айынан бастап қайта оқытылмақ. Алайда бұл тәжірибе жүзінде болады. Пән зерттеліп, сыналатын мектептердің тізімін білім министрлігі бекітіп қойған. Ал жалпы қазақстандық оқушылар "Әліппені" бірінші жартыжылдықтан бастап оқиды хабарлайды КТК арнасы.

Білім министрлігі оқулықты араға бес жыл салып қайта енгізіп отыр. Жаңа "Әліппе" Байтұрсыновтың әдістемесін негізге ала отырып, қазіргі заманғы педагогиканың нақты талаптары ескеріліп, осы оқу бағдарламасының негізінде жасалған.

"Жалпы "Әліппені" оқыту кезеңінің үш кезеңі бар екеніне тоқталғым келеді: бірінші – "Әліппеге" дейінгі кезең, екінші "Әліппе" кезеңі, үшіншісі – "Әліппеден" кейінгі кезең. Осының екі кезеңі "Әліппе" оқулығы арқылы іске асырылатын болады", - дейді Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова.

Қазақстандық оқушылар "Әліппені" бірінші жартыжылдықта оқиды. Мектепке енді барған балалар 96-98 сағат көлемінде әріптердің реттілігін, дыбыстардың дыбысталуын, олардан буынның құралуын, сөздерді, сөз тіркестерін қолдана білуді үйренбек.

Желтоқсан айында "Әліппемен" қоштасқаннан кейін оқушылар үшінші және төртінші тоқсанда "Ана тілі пәнімен" білім алуды жалғастырады.

Айта кетейік, 2016 жылдан бері еліміздегі мектептер жаңартылған білім мазмұны бойынша "Сауат ашу" оқулығын пайдаланып келеді. Дегенмен көптеген ата-ана "Әліппені" қайта енгізуді талап еткен еді.

"Әліппені" көріп, "Әліппеменен" баласын, немересін оқытқан кісілер оны іздегені рас. Енді "Сауат ашу" мен "Әліппенің" айырмашылығына келетін болсақ, бізде "Әліппе" оқулығы "Сауат ашудың" ішіне кіргізілген болатын. Енді қазіргі әзірленіп жатқан оқу бағдарламасына сәйкес шығарылатын "Әліппе" оқулығы бөлек болады. "Ана тілі" оқулығы да бөлек", - дейді Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының орта білім орталығының директоры Манара Адамова.

Дереккөз КТК арнасы

Еске сала кетейік, екінші тоқсаннан бастап оқушылар саны 300-ге дейінгі қала және ауыл мектептерінің жұмысы дәстүрлі форматқа ауысады.

Сонымен қатар ата-аналардың өтініші бойынша 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етіледі.

Білім министрлігінің мәліметінше, дәстүрлі форматта шамамен – 1,2 миллион оқушы білім алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882722-lippe-katar-ajynan-bastap-tziribe-zzinde-okytylmak/