RU

АҚШ президент сайлау: Байден мен Трамп Twitter желісінде сөз айтысты

АҚШ президенті Трамп
Дональд Трамп. Фото: Getty Images / Ethan Miller

АҚШ президенті сайлауының қорытынды дауыс беру қарсаңында Дональд Трамп пен Джо Байден Twitter парақшаларында сөз айтысты. Олар тағы да бір-бірін айыптауды бастаған деп хабарлайды Fox News.

АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп мен Джо Байден дауыс беруден бірнеше сағат бұрын әлеуметтік желіде "соғыс" ұйымдастырды.

"Джо Байден ірі технологиялармен, ірі БАҚ және елеулі тұлғалармен бай. Олар Байденнің ұтқанын қалайды, себебі олар Байденге ие, оны бақылайды, бұйрықтарын орындайды дегенге сенді", - деді Трамп.

Ал Байден өзін Скрэтонннан үміткер ретінде таныстырды. Ол Пенсильаания штатында туған.

"Трамп күллі әлемді Авеню-парктен көреді",- деді ол желіде.

Джо Бейден президентті Манхэттендегі жылжымайтын мүлік магнаты деп атады.

"Мен мұны өзім келген Пенсильвания штаты Скрэнтоннан байқадым. Сол себепті, президент ретінде мемлекетті тек байлар мен байланысы барлар үшін ғана емес, орта санат үшін, кірісі төмен азаматтар үшін де жұмыс істеуге мәжбүрлеймін",- деді Байден.

Еске салсақ, АҚШ президенті Дональд Трамп "Борат" фильмінде қазақстандық журналисті сомдаған британиялық актер Саша Барон Коэн жайлы ойын айтып берген еді.

Президенттің сөзіне қарағанда, шамамен 15 жыл бұрын Саша Барон Коэн оны алдағысы келген, алайда Трамп жалғандықты сезіп, шоу кейіпкерлерінің ішінде жалғыз өзі түсірілімнен бас тартқан деп жазды Hollywoodlife

"Мен үшін ол – жексұрын, екіжүзді адам. Мен оны күлкілі деп есептемеймін", – деп мәлімдеді АҚШ президенті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882753-aks-prezident-sajlau-bajden-men-tramp-twitter-zelisinde-sz-ajtysty/