Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мәңгүрттеніп бітіппіз": Алматыдағы хэллоуин тойлаған балабақшалар журналистің ашуына тиді

Опубликовано:

Хэллоуинге киінген балалар
Фото: instagram.com/fonarik_detki

Әлеуметтік желіде хэллоуинге орай киінген балабақша жасындағы алматылық балалардың суреттері қызу талқыға түсті. Елімізге батыстан келген бұл "мерекенің" шығу тегін Facebook парақшасында журналист Жолымбет Мәкіш талдап берді. Онда желі қолданушылары хэллоуинді тойлауға екіұдай пікір білдірген. Ал бұл туралы Алматы қаласы білім басқармасы не дейді? Мекеме KAZ.NUR.KZ тілшісіне өз жауабын берді.

Журналист Жолымбет Мәкіш желідегі парақшасында Алматы балабақшаларының бірінде өткен хэллоуин мерекесінің фотосын жариялап, аталмыш күннің шығу тарихын жазды.

"Осы біз неге өзінде түк жоқтай біреудің қаңсығына құмартып тұратын елірме халықпыз?! Күздің қара суығы түссе болды, қай-қайдағы жын-ойнақ басталады! Алматыдағы балабақшалардының біреуі Хэллоинді тойлатып жатқанын көргенде, жыным келді. Хэллоуин – сатанистердің ең сүйікті мерекесі. Бұл күні олар жын-шайтанға, жәдігөйлерге, Ібіліске жаппай мадақ айтып, құбыжықтардың киімін киіп шығады. Техас пен Хьюстондағы Ібілістің алғашқы ұлы шіркеуінің (Greater Church of Lucifer) осы күні есігі ашық тұрады. 1966 жылы сайтанға табынатын шіркеуді салып, ең алғаш рет Шайтанның Інжілін (Сатанинскую Библию) жазып шыққан Антон Лавеяның айтуынша, Хэллоуин – маңызы жағынан үшінші орында тұрған сатанистердің сүйікті мерекесінің бірі екен. Діннен, дәстүрден жұрдай болып, өз дініне өзі қарсы шығып, әбден ылығып, былығып, мәңгүрттеніп бітіппіз ғой!" - дейді ашынған журналист.

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіндегілер KAZ.NUR.KZ тілшісіне мәлім еткендей, балабақша мен мектептерде өтетін іс-шараларды министрлік жоспарламайды.

Желідегі фотосуреттерге қатысты Алматы қаласы Білім басқармасының баспасөз хатшысы Ешімет Қуандық Серікжанұлы жауап берді.

"Бұл - жекеменшік балабақшада өткен шара", - деп қысқа қайырды ол.

Кейінірек Instagram-да хэллоуинді атап өткен басқа да мектептер мен балабақшалар табылды.

Естеріңізде болса бұған дейін біз отандық танымал журналист Асхат Садырбайдың салт-дәстүрімізге жат шетелдік мерекелердің елімізде тойланып жатқанына қарсылық білдіргенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882772-mgrttenip-bitippiz-almatydagy-hellouin-tojlagan-balabaksalar-zurnalisti-asuyna-tidi/

pixel