Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордаға қоныс аударған алматылық жігіт екі күннің ішінде қалай жұмыс тауып алғанын айтты

Жарияланған күні:

Айдын
Айдын Дадебаев. Фото: Айдын Дадебаевтың жеке мұрағатынан

Елордаға қоныс аударған Айдын Дәдебаев өзін Нұр-Сұлтанда енді жайлы сезіне бастағанын айтады. Себебі, жарты жыл бойы жұмыс таба алмай қиналған ол, қазір еңбекпен қамтылып отыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

30 жастағы Айдын Дәдебаев - Астана қаласының 3-топтағы мүгедектігі бар тұрғыны. Оның оң көзі туғаннан бері көрмейді. Бірақ бұл ауру ер азаматтың білім алуына және өз ісінің жақсы маманы болуына кедергі болмады. Себебі Айдын - сегіз жылдық тәжірибесі бар кәсіби массажист. Осы уақытқа дейін Алматыда жұмыс істеп, карантинге байланысты уақытша табыссыз қалған ол, жақында астанаға көшіп келді. Осы жылдың мамыр айында кейіпкеріміз анасынан айырылып, отбасымен бірге Нұр-Сұлтанға қоныс аударуға мәжбүр болды.

«Осы уақыт аралығында мен мамырдан қыркүйекке дейін жұмыс іздедім. Күнде жұмыс қарадым, бірақ карантин салдарынан олардың саны онша көп болмады. Бірде маған соңғы айларда жұмыссыз ретінде тіркелген Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығынан қоңырау шалып, астаналық Орталықта тіркелсем, көмектесулері тиіс екенін жеткізді. Рас, іс жүзінде солай болып шықты. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының арқасында екі күнде ішінде жұмыс тауып берді», - дейді Айдын.

Бүгінде ол №1 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде массажист болып жұмыс істейді. Маман жас спортшыларды тексеріп, оларға массаж жасайды. Оның сөзінше, балалармен жұмыс істеу үлкен жауапкершілік жүктейді. Дегенмен іс жүруде.

«Массажист мамандығы - соқыр немесе көру қабілеті нашар адамдарға ең қолайлы кәсіп. Себебі оларда жанасу сезімі мен қолдың сезімталдығы дамыған. Ең бастысы – оқып-үйрену, жұмыс табу және, әрине, жүріп-тұру мәселесін шешу. Өйткені мүгедектер үшін бұл үлкен проблема - оларға еріп жүретін және оларды үйден жұмысқа және қайта үйге әкелетін адам керек. Бақытымызға орай, мен өзім қозғаламын, өйткені сол көзім көреді», - дейді Айдын.

Жаңа жұмыста оған тұрақтылық пен әрі қарай өсу мүмкіндігі ұнайды. Сонымен қатар, ер адам отбасында жалғыз асыраушы және қаржы жағы ол үшін маңызды рөл атқарады. Әйелі декреттік демалыста - отбасы екінші сәбиін күтуде. Айдынның әкесі де олармен бірге тұрады - кейіпкеріміз қарияны қамқорлығына бөлеуде.

«Еңбек» бағдарламасы өзім және отбасым үшін зор қолдау болды. Өкінішке қарай, өздігімнен жұмыс таба алмадым. Ал Нұр-Сұлтан қаласындағы Жұмыспен қамту орталығында маған бірден бірнеше нұсқа ұсынылды. Сондықтан қазір жеке өз басым мемлекеттік бағдарламалардың шынында жұмыс істейтінін және пайдасы бар екенін білемін. Тек жәрдемақыға қарап қарап отырмай, жұмыс істеуге және дамуға ұмтылатын мүмкіндігі шектеулі жандардың елеусіз қалмағаны қуантады», - дейді «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушы.

Оның пікірінше, қазақстандықтар оған өзіне сенуге, тіпті өршіл жоспарлар жасауға кірісуге көмектескен бағдарламаның мүмкіндіктері туралы көбірек білуі керек.

«Болашақта мен Бағдарлама игіліктерін тағы бір рет қолданып көруді, кәсіпкерлікті игеруді, грант ұтып алу арқылы дербес массаж орталығын ашуды армандаймын. Осылайша бағымды сынауды жөн санаймын. Әрбір жан әрқашан алға ұмтылуы және қол жеткізген жетістікке тоқмейілсімеуі қажет деп есептеймін», - дейді Айдын Дәдебаев.

Елордада 2020 жылдың 9 айында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында, «Бастау Бизнес» жобасын іске асыру қорытындысы бойынша, 1 502 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылғаны атап өтерлік жайт. 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі қайтарымсыз мемлекеттік гранттарды 397 азамат, оның ішінде еңбекке қабілетті 7 мүмкіндігі шектеулі адам алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882896-elordaga-konys-audargan-almatylyk-zigit-eki-knni-isinde-kalaj-zmys-tauyp-alganyn-ajtty/