Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Қостанай облысында аудандық аурухана карантинге жабылды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі: pixabay.com

Қостанай облысы Жітіқара ауданының орталық ауруханасы бүгіннен бастап екі аптаға карантинге жабылды деп хабарлайды Қазақпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан ақпаратқа сәйкес, медициналық мекеменің көпсалалы терапиялық және хирургиялық бөлімшелерінде қызметкерлер мен науқастардан коронавирус анықталған.

Осыған байланысты облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша 4-19 қараша аралығында аурухана бөлімшелері екі апталық карантинге жабылған.

"Аурухана толығымен қызметін тоқтатқан жоқ. Науқастарға хирургиялық және терапиялық шұғыл көмек көрсетілетін болады. Коронавирус жұқтырған қызметкерлер емделіп жатыр", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева.

Естеріңізге сала кетейік, өткен тәулікте елімізде 32 адамнан COVID-19 анықталған. Оның 17-сі Қостанай облысының аумағында тіркелді.

3 қарашада коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониямен ауырған 269 адам мен 1 өлім жағдайы тіркелген. Сонымен қатар 63 науқас емделіп шыққан.

Ал Шығыс Қазақстан облысы коронавирустың таралу қарқыны бойынша "қызыл аймаққа" енді. Бұл туралы өңірдің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Талғат Тұңғышбаев айтты.

Бұған дейін еліміздің бас санитар дәрігері ШҚО-да коронавирустың өршу себебін түсіндірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882988-koronavirus-kostanaj-oblysynda-audandyk-auruhana-karantinge-zabyldy/

pixel