RU

Веб-камера арқылы сізді бақылап отырғанын қалай білуге болады

Веб камера
Көрнекі фото: piqsels.com

Ресейлік маман веб-камера арқылы тыңшылық жасалып жатқанын қалай білуге болатынын айтты. "Цифрлық платформалар" АКМ бас директоры Арсений Щельциннің айтуынша, бұл оңай емес. Бастапқыда камера жазып жатқанын көрсететін индикатор ойлап табылған бірақ "ақылдылар" мұны да алдайтын әдісті меңгеріп алған деп хабарлайды "Прайм" агенттігі.

Дегенмен Арсений Щельцин сізге тыңшылық жасалып жатқанын білуге болатын бірнеше әдісті айтты.

Бақылаудың ең сипатты белгілері – бұл компьютердің немесе телефонның интернетке қосылған кезде немесе қосылғаннан кейін бірден "қатуы", сондай-ақ құрылғының жұмысын баяулататын белгісіз бағдарламалардың пайда болуы. Бағдарламалар камераны автоматты түрде іске қосады.

Сарапшының айтуынша, веб-камераның бақылауынан аулақ болу үшін бірнеше ұсыныстар бар.

Біріншіден, компьютердің веб-камерасы алдында басқа біреудің қолына түскенде сізге зиян тигізуі мүмкін нәрсені ешқашан жасамаңыз. Мысалы, жуыну бөлмесінде болған кезде музыка таңдаудың қажеті жоқ.

Екіншіден, компьютердегі антивирустың өзектілігін бақылап, оларды уақытында жаңартып отыру керек. Сарапшы сонымен бірге қауіпсіз веб-камераны, мысалы, объективі жабылатынын қолдануға кеңес берді.

Еске салсақ, бұған дейін DGL.ru гаджеттер мен технологиялар туралы порталдың бас редакторы Людмила Мурзина смартфонды коронавирустан тазартудың әдісін айтқан еді.

Сонымен қатар WhatsApp мессенджерінде өшірілген хаттарды, сурет, видеоларды арнайы бағдарламалар арқылы қайта көруге болатынын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883001-veb-kamera-arkyly-sizdi-bakylap-otyrganyn-kalaj-biluge-bolady/