RU

Қостанай облысында карантин шаралары қайта күшейді

Көше маска1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша жедел штаб отырысын өткізді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Архимед Мұхамбетов атап өткендей, Қостанай облысында эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалады. Соңғы аптада коронавирустың жаңа жағдайларының саны 2 есеге жуық өскен.

Осыған байланысты короновируспен күрес жөніндегі облыстық жедел штаб карантиндік шараларды күшейту туралы бірқатар шешім қабылдады:

  • азық-түлік емес тауарлардың бөлшек сауда объектілерінің жұмыс режимін сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін шектеу;
  • шұғыл қажеттіліктен басқа (азық-түлік сатып алу үшін дүкендерге, дәріханаларға, емдеу ұйымдарына шығу, қоқысты шығару және т.б.) 65 жастан асқан адамдардың қала және қоғамдық орындар бойынша жүруіне шектеу қою;
  • барлық ұйымдардың кеңсе қызметкерлерінің кемінде 60% қашықтықтан жұмыс істеу нысаны;
  • діни бірлестіктер объектілерінің жұмыс күндері және демалыс күндері бір келушіге 30%-дан аспайтын және кемінде 5 м2 толтырылуын қамтамасыз ете отырып, бұқаралық іс-шаралар (жұма намазы, діни жоралар және т.б.) өткізуге тыйым салып жұмыс істеуі тиіс;
  • жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс кестесін белгіленді, азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмысы шектеледі;
  • жабық спорт объектілерінің жұмысы (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары) 5 адамнан аспайтын, көрермендерсіз жеке және топтық жаттығуларды өткізу үшін жұмыс күндері сағат 7.00-ден 22.00-ге дейін бекітілді;
  • жұмыс күндері сағат 8:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, бассейндерді іске қоса отырып, моншалардың, сауналардың жұмысы (бір келушіге 4 м2 есебімен, бір мезгілде келушілердің жобалық сыйымдылығынан 30%-дан аспайтын қатысуымен);
  • 65 жастан асқан көрермендердің келуін шектей отырып, штаттық жұмыс режимін белгілей отырып,мәдениет объектілерінің (толымдылығы 50%-дан аспайтын, бірақ 50 адамнан аспайтын театрларға бару арқылы 30 адамнан аспайтын жеке, топтық дайындықтар) кітапханалардың, мұражайлардың, галереялардың, көрмелердің жұмысы;
  • 3 адамнан аспайтын топтардан немесе бір отбасы мүшелерінен басқа, табиғатқа экскурсиялық, корпоративтік, топтық сапарларды ұйымдастыруға және қаланың көрікті жерлеріне шолу жасауға тыйым салу.

"Халықты осы қиын кезеңде қырағылықты жоғалтпауға және санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы нормаларды қатаң сақтауды жалғастыруға шақырамын. Маска кию қажеттілігін, әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз және қолыңызды зарарсыздандырыңыз.

Адамдар көп жиналмаңыз, мерекелік шараларға қатыспаңыз, сапарға шықпаңыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз", – деді облыс әкімі.

Еске салсақ, Көкшетау маңына блок-бекеттер қойылатыны туралы жазған едік. Жалпы Ақмола облысында 9 қарашадан бастап жаңа шектеулер енгізіледі.

Сонымен қатар, 9 қарашадан бастап Павлодар облысында бірқатар шектеу шаралары қабылданады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883134-kostanaj-oblysynda-karantin-saralary-kajta-ksejdi/