Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде карантин кезінде жасөспірімді зорлаушылар саны көбейген

Опубликовано:

Зорлық-зомбылық
Көрнекі фото: Жамбыл облысы ПД

Карантин кезінде жасөспірімдерді зорлау дерегі 19%-ға өсті. Бұл туралы "Астана" телеарнасы ІІМ мәліметтеріне сілеме жасап хабарлайды.

Коронавирус салдарынан енгізілген карантин режимі кезінде жасөспірімдердің зорлыққа ұшырау жағдайлары күрт өскен. Еліміздің Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жасөспірімдердің зорлану жағдайы әдеттегіден он тоғыз пайызға артқанын мәлімдеді.

Ең сорақысы, зорлық жасайтындардың дені жәбірленушінің жақындары мен таныстары екен. Министр бұл жайтты пандемия кезінде үйде отырып, ішімдікке сылқия тоятындардың қатары көбейгендігімен байланыстырып отыр.

Мәліметтерге сенсек, жас жеткіншектерді зорлау ғана емес, елде адам өлтіру жағдайлары да 12 пайызға артқан.

"Көп жағдайда жәбірленушінің жақын танысы немесе туысы тарапынан зорланғаны анықталып отыр. Олар - әкесі, көршісі, өгей әкесі немесе танысы. Мұндай фактілер - әрбір отбасы үшін үлкен трагедия, баланың тағдырын сындыру. Жағдайды дұрыстау үшін профилактикалық шаралар күшейіп, есепте тұрған азаматтармен жұмыс жүргізілді", - дейді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Ә. Мүтәлі

Еске салсақ, бұған дейін ШҚО-да балаларды зорлау бойынша іс қайтадан сотқа жіберілгенін жазған едік.

Одан бөлек, ШҚО-да екі балаға зорлық көрсетті деп айыпталған азаматқа қатысты шыққан ақтау үкімі қоғамда қызу талқыға түскенін хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883165-elimizde-karantin-kezinde-zasspirimdi-zorlausylar-sany-kbejgen/

pixel