Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетау тұрғыны науқас баласымен бірге төрт ай бойы тар көлікті паналауда

Опубликовано:

Отбасы
Фото: "Еуразия бірінші арнасы"

Көкшетаулық Қадыровтар төрт айдан бері көліктерінде күнелтуге мәжбүр. Айтуларынша, өзге емес, өз достары алдап, жалғыз баспанасын тартып алған екен деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Баспанасыз қалған әке эпилепсия дертіне шалдыққан ұлымен тар көлікті төрт ай бойы паналап, өлместің күйін кешіп жүр. Бәріне кезіндегі аңғалдығы себеп. Ал келіншегі күйеуі мен баласын тастап кетіпті.

"Досым көмекті жылап тұрып сұраған соң сендім. Алдамаймын, уәде беремін деп көндірді. Оған үлкен сома қажет болды. Қолымда мұндай қаражат әрине болмады. Сөйтіп, үйіңді кепілге қойып, банктен несие алайық деді. Мейлі деп, оған да көндім. Алайда рұқсатымды алғаны сол еді, қажетті құжаттарды иемденіп алған соң, үйімді өзінің туысқанының атына аударып, ізім-ғайым жоғалып кетті", - дейді қала тұрғыны Эсхажи Қадыров.

15 жыл бұрын болған бұл оқиғадан кейін тұрғын әлгі досын әлі көрмепті. Дегенмен тұрғынның айтуынша, бәрі ұмыт қалды ма дегенде, 1 шілде күні оны өкпесі қабынып, ауыр халде жатқанына қарамастан, баласымен бірге үйінен қуып шыққан.

Кейін несиенің бірде-бір тиыны төленбегені анықталыпты. Салдарынан кепілде тұрған үйді банк қызметкерлері тартып алған.

Ал айдың-күннің аманында далада қалған Қадыровтар отбасы әуелі орманды паналап, кейін күн суытқасын көлікті паналауды жөн санаған.

"Таныстарында мені қалдыра тұрып, таксилетуге кетеді. Кейін маған қайтып келіп, алып кетеді. Осылайша көлікте тұрып жатырмыз", - дейді Қадыровтың ұлы Расул.

Тұрғынның тапқан-таянғаны баласының дәрісінен, күнделікті азығынан артылмайтын көрінеді. Ер адам әділдік іздеп Ішкі істер министріне, тіпті президентке дейін хат жазған,

Кейін анықталғандай, алаяқ достары Алматыда қамауға алыныпты. Олар тура осындай амалмен біреуді алдап тұрған сәтінде полицейлердің қолына түскен болып шықты. Дегенмен, тергеудің нақты қанша уақытқа созылары белгісіз. Ал алда қыс келе жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін біз Ақтөбеде ұстаз болып жүріп жүйке ауруына шалдыққан ақтөбелік әйел қыздарын көруге зар болып жүгенін жазған едік.

Одан бөлек, министр кредит алатындарға қатысты жақсы жаңалық жеткізгенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883182-kksetau-trgyny-naukas-balasymen-birge-trt-aj-bojy-tar-klikti-panalauda/

pixel