"Карантинге қарамай той басқарған": Атырауда бір топ асабаға айыппұл салынды
Жарияланған күні:
Атыраулық асабаларға айыппұл салына бастады. Қазір жұртты жасырын жинап, той жасайтындар азаймай тұр деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.
Телеарна мәліметінше, енді мерекелік шараның өтуіне атсалысатын асабаларға да шара қолданылмақ.
Би топтары мен фотограф, бейнеоператорларда жауапкершіліктен жалтарып кете алмайды.
Жеке тұлғалар 83 мың теңге, ал кәсіпкер ретінде тіркеліп, қызмет көрсететіндер 600 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді.
Қазір осындай деректер бойынша Атырауда 3 асабаға хаттама толтырылған.
"Бүгін мейрамханада және үй жағдайында өтіп жатқан 3 жағдай тіркелді күні. Сол асабаларға қатысты қылмыстық кодекстің 425-бабы 1-тармағына сәйкес іс қозғалды. Тағы да 2 әкімшілік іс қаралуда. Ол тұлғалар басқармаға келмегендіктен қазір іздестірілуде. Яғни басқармаға келу жолдары қарастырылуда", - деді қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігінің бас маманы Бақытбек Хамза.
Еске салсақ, жақында Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округінің әкімі Тәтжан Өтемісовтің мейрамханада ұлының үйлену тойын жасағаны туралы хабарлаған едік. Тұрғындар той Оралдағы мейрамханалардың бірінде өткенін атап өткен.
Кейін аймақ басшысы Ғали Есқалиев ұлына той жасаған ауыл әкіміне қатысты пікір білдірген болатын. Облыс әкмінің сөзінше, мұндай адамдарға мемлекеттік қызметте орын жоқ.
Айта кетсек, Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу бойынша шаралар күшейтілген. Өңірде шамамен 140 мониторингтік топ жұмыс атқаруда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883313-karantinge-karamaj-toj-baskargan-atyrauda-bir-top-asabaga-ajyppl-salyndy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.