Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақтағысы келеді": Желіде Біртановқа қатысты онлайн петиция пайда болды

Опубликовано:

Экс- денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов
Фото: Хабар 24

Әлеуметтік желіде бұрынғы денсаулық сақтау министріне бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдыру туралы онлайн петиция пайда болды. Оған Елжан Біртановты қолдауға арналған акциялар себеп деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Әлеуметтік желілерде Біртановты қолдау бойынша белсенді науқан басталды. Оның жақтастары экс-министрді пандемияға дайын болмады деген айып тағылды деп қоғамды адастырып отыр. Ал тергеу соты оған бюджет қаржысын оңды-солды жұмсағаны үшін "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасын қабылдады", - делінген петицияда.

Сондай-ақ петицияда әлеуметтік желіде қолдау акцияларын ұйымдастырған бұрынғы министр жақтастары тергеуге қысым көрсетіп жатқаны айтылған.

"Оның жақтастары Біртановты ақтағысы келеді, олар Біртановты пандемияға дайындығы болмаған соң тұтқындады деп қоғамды адастырып отыр. Олар қоғамдық пікірді басқарады, осылайша сот алды тергеу жұмыстарын жүргізетін тергеушінің жұмысына араласып жүр.

Олар өз өтініштерінде тергеу жұмысына "Әділетті тергеудің жүргізілетінін сенімдіміз және әріптесіміз кінәсіз деп үміттенеміз" деген сөзбен қысым көрсетеді. Ал адамды кінәлі немесе кінәсіз деп танитын тек сот қана ғой", - дейді петиция авторы.

Біртановтың қолдауға наразы болғандар:

Біртановты қолдау науқанын ұйымдастырушыларға қарсы 407-баптың 2-бөлігі (сот төрелігін жүзеге асыруға және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуге кедергі жасау) бойынша қылмыстық іс қозғауды;

экс-министрге қатысты сот процесі толық аяқталғанға дейін күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қалдыруды;

осы мәселені Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке бақылауына алуды талап етті.

"Егер бұлтартпау шарасы өзгерсе, Біртанов әділеттік пен объективті тергеуден құтылып кетеді", - дейді петиция авторы.

Петиция жарияланған уақытта 85 адам қол қойған.

Еске салсақ, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында экс-денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Онда экс-министр интеграциялық платформаны сатып алуға бөлінген 526 млн теңгеден аса бюджет қаржысын жымқырған деген күдікке ілінгені хабарланған.

Кейін қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу қызметі бұрынғы денсаулық сақтау министріне қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын мәлім етті.

Қазақстандағы танымал дәрігерлер, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері әлеуметтік желіде Елжан Біртановты қолдау акциясын бастап кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883396-aktagysy-keledi-zelide-birtanovka-katysty-onlajn-peticia-pajda-boldy/

pixel