RU

Еліміздің төрт облысында жолаушы пойыздарының кестесі өзгерді

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Коронавирусқа байланысты Қазақстанның төрт облысында жолаушы пойыздарының кестесі өзгерді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Жолаушылар тасымалы компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық коммиссия шешіміне және индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хатына сәйкес, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарын қатынайтын жолаушы пойыздарының жол жүру жиілігі қысқарады.

  • 9 қарашадан бастап №705/706 "Алматы-Петропавл" жолаушылар пойызы күнара қатынайтын болса, №31/32 "Павлодар – Алматы" жолаушылар пойызы белгіленген күндер бойынша қатынайтын болады.
  • Келесі облыстарда барлық стансаларға билет сатуға және жолаушы отырғызуға/түсіруге уақытша тыйым салынады:

a) Ақмола облысында Атбасар, Ерейментау, Аршалы стансаларынан, 1, 2 және 3-сыныпты вокзалдар орналасқан Бурабай, Есіл, Макинка, Ақкөл, Жалтыр және Көкшетау курортын қоспағанда;

b) Павлодар облысында Павлодар, Екібастұз, Ақсу-2 және Бозшакөл стансаларын қоспағанда;

c) Қостанай облысында Қостанай, Тобыл, Құсмұрын, Есіл, Арқалық және Железорудная стансаларын қоспағанда;

d) Солтүстік Қазақстан облысында барлық стансалар арқылы жолаушыларды отырғызуға/түсіруге транзиттік жолаушы пойыздарының қозғалысына тыйым салынады

Сонымен қатар, № 68/67 "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол - Өскемен-1" жолаушы пойызының аптасына бір рет жол жүру мерзімділігі және № 351/352 "Алматы-2 - Өскемен-1" жолаушылар пойызының ағымдағы жылдың соңына дейін уақытша күнара қатынауы ұзартылды.

Петропавл стансасынан жолаушы тасымалының пойызымен шығу 3 тәулікке жарамды теріс нәтижелі коронавирус ПТР тестілеуден өткені туралы анықтама міндетті түрде болуы қажет.

"ПТР анықтамасы жоқ жолаушы вагонға жіберілмейді, сонымен қатар теміржол вокзалы ғимаратына күтіп алушылар мен шығарып салушыларға кіруге тыйым салынбақ", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін 9 қарашадан бастап Павлодар облысында бірқатар шектеу шаралары қабылданатыны туралы жазған едік.

Сонымен қатар Көкшетау маңына блок-бекеттер қойылатыны белгілі болды. Жалпы Ақмола облысында 9 қарашадан бастап жаңа шектеулер енгізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883585-elimizdi-trt-oblysynda-zolausy-pojyzdaryny-kestesi-zgerdi/