Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ президент әкімшілігінде қызмет ететін қазақ қызы туралы не білеміз

Жарияланған күні:

Фото
Фото: Санжар Дүйсенәлінің Facebook желісіндегі парақшасы

Әсел Төленова есімді қазақ қызы АҚШ президенті протоколы бастығының орынбасары болып қызмет етеді.

Санжар Дүйсенәлі есімді оқырман Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында Әсел Төленованың АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама және жаңа сайланған Джо Байденмен түскен суреттерін жариялады.

Ол қазақ қызы туралы ақпараттың рас-өтірігін білгісі келетінін жеткізген.

Дипломатиялық ортада жүрген адамдар Әселдің АҚШ президент әкімшілігінде басшылық қызмет атқаратын Sputniк Қазақстан агенттігіне растаған.

Басылым мәліметінше, қазіргі уақытта Әселдің тегі өзгерген. Соған қарағанда, АҚШ-та тұрмысқа шыққан болуы мүмкін.  

Осыдан үш жыл бұрын Ақ үйдің ресми сайтында Әсел туралы ақпарат жарияланған екен. Онда 2017 жылы қазақ қызы Мемлекеттік департаментте протокол қызметін басқарғаны айтылады. Әсел Робертс Ақ үйдегі тағылымдамалар бағдарламасы аясында сөз сөйлеп, өзінің өмірлік тәжірибесі туралы баяндаған. Ол Америка Құрама Штаттарында қалай жетістікке жеткенін де айтып беріпті.  

"Әсел Робертс ханым президенттердің брифингтерін қалай ұйымдастырғанын еске алды. Ол Америкада өз арманыңа жетуге барлық мүмкіндік жасалғанын ерекше атап өтті", - делінген сайтта жарияланған хабарламада.

"Ағайындар" жинағына да Әсел Төленованың өмірбаяны жарияланған. Оған сәйкес, Әсел 1976 жылы Алматыда дүниеге келген. 1993 жылы АҚШ-тың Джорджтаун университетіне оқуға түсіп, халықаралық дипломатия мамандығы бойынша тәмамдаған.

1998 жылдан бастап АҚШ мемлекеттік департаменті протокол басқарушысының сыртқы қатынастар жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеген. Ал 2014 жылы АҚШ президенті протоколы басшысының орынбасары қызметіне дейін көтеріліпті. 

Фото
Фото: Санжар Дүйсенәлінің Facebook желісіндегі парақшасы

Фото
Фото: Санжар Дүйсенәлінің Facebook желісіндегі парақшасы

Еске сала кетсек, бұған дейін Африкада мұғалім болып жүрген қазақ қызы туралы жазған болатынбыз.

Сонымен қатар Стамбұлда жеке дүкенімен қоса, шағын зауыты бар Тұран Баһадүр есімді қандасымыз туралы хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883696-aks-prezident-kimsiliginde-kyzmet-etetin-kazak-kyzy-turaly-ne-bilemiz/