Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа туған нәрестелерін өлтірді деп айыпталған Youtube-блогер 40 жылға сотталды

Опубликовано:

ұялы
Көрнекі фото: pixabay.com

Американың Оңтүстік Каролина штатының соты 32 жастағы YouTube-блогер Алисса Энн Дэйволтты 40 жылға абақтыға жапты. Ол екі жаңа туған нәрестенің өлімі бойынша айыпталған деп хабарлайды Life.ru.

Тергеу ақпарынша, 2017 жылы келіншек өз үйінде босанып, сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған. Бір жылдан кейін ол тағы бір сәбиді дүниеге әкеліп, өз қылмысын қайталаған. Енді Дэйволт екі шақалақтың өліміне кінәлі ретінде танылып отыр.

Блогер қыз
Фото: Оңтүстік Каролина штаты, Хорри округының полициясы

Қылмыстың беті кездейсоқ ашылған. Екінші рет босанғаннан кейін келіншектен қан кетіп, дәрігерлер шақырған. Ал ақ халаттылар әйелге қатысты күдік келтіріп, бірден полицияға хабарласқан.

Айта кетейік, Алисса Энн Дэйволт макияж бен косметикаға байланысты блог түсіретін. Ол көз жұмған сәбилерден бөлек, өсіп келе жатқан екі қызын әлеуметтік желідегі видеоларға түсірген.

Үкім шыққанан кейін Дэйволт өз балаларынан кешірім сұрады.

Айта кетейік, өткен жылдың күзінде Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері Атырау облысы перинаталдық орталығының бас дәрігері Қуаныш Нысанбаевты, сондай-ақ жаңа туған нәрестені өлтірді деп айыпталған акушер-гинекологты ұстаған еді. Қызметкерлер баланы өлі туды деп рәсімдеген.

Алайда одан тіршілік нышаны байқалған кезде дәрігерлер құжаттарды қайта рәсімдегісі келмей, оны тоңазытқыш камерасына жіберген.

Жақында сот процесінде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ведомствоаралық жедел-тергеу тобын басқарған аса маңызды істер жөніндегі тергеуші Асқарбек Ермұқашевтан куә ретінде жауап алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883707-zaa-tugan-nrestelerin-ltirdi-dep-ajyptalgan-youtube-bloger-40-zylga-sottaldy/

pixel