jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Оңтүстік Кореяда қайтыс болған отандасымыздың денесін туыстары елге жеткізе алмай отыр

Ер жігіт1
Көрнекі фото: pixabay.com

Оңтүстік Кореяда бір апта бұрын жол апатынан ажал құшқан отандасымыздың денесін туыстары елге алдыра алмай жатыр. Марқұмның денесі кешіккен сайын туыстарының уайымы да ұлғайып барады деп хабарлайды КТК арнасы.

"Қазіргі бізге айтып отырған уақыты 17-ші қараша күнгі жүк тасымалдаушы ұшақ болып отыр. Қай қазақ қайтқан адамды 15 күн ұстайды айтыңызшы! Жан дегендегі жалғыз ағам. Анам болса 2-ші дәрежелі мүгедек", - дейдің марқұмның інісі.

22 жастағы Бейбарыс Арын былтыр қазан айынан бері Оңтүстік Кореяда жұмыс істеп жүрген екен. Бір апта бұрын ол мінген көлік апатқа ұшырап, отандасымыз сол жерде көз жұмған.

Содан бері туыстары оның денесін алдыру үшін ел-жұрттан жылу жинауға мәжбүр болған. Қажетті 2 миллион 600 мың теңге табылғанда, ұшақта орын болмай шыққан.

Тек, елшіліктің араласуымен денесі бүгін елге жеткізілуі мүмкін. Кейін өзі туып-өскен Арыс қаласына жерленбек. Оның артында мүгедек анасы, екі қарындасы мен інісі қалды.

Дереккөз КТК арнасы

Еске сала кетсек, бұған дейін 2 қарашада Польшаның Ополе-Любельске қаласында 2004 жылы туған Қазақстан азаматы оқ жарақаты салдарынан көз жұмғанын хабарлаған едік.

Кейін Қазақстанның Варшавадағы елшілігі отандасымыздың қазасына байланысты мәлімде жасады.

Сонымен қатар Түркияның Измир қаласында қазақстандық "Бурундайавиа" АҚ компаниясының ұшқышы кенеттен жүрегі тоқтап, қайтыс болғанын жазған болатынбыз.

Марқұм Измир қаласына орман өртін сөндіру үшін барған.

Оңтүстік Кореяда қайтыс болған отандасымыздың денесін туыстары елге жеткізе алмай отыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.