Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұман, жел: Қазақстанның 12 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Опубликовано:

тұман
Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 10-11 қараша күндері еліміздің 12 облысында дауылдық ескерту жариялады деп хабарлайды Қазақпарат "Қазгидромет" РМК сілтеме жасап.

Мамандардың мәліметінше, 10-11 қарашада елордада көктайғақ болып, екпіні секундына 15- 20 метрге дейін жел тұрады деп күтілуде.

Осы күндері Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал. Желдің екпіні секундына 15-20, 23-28 метрге дейін күшейеді.

10 қарашада Ақтөбе облысының кей жерінде тұман түсіп, желдің екпіні секундына 16 метрге дейін күшейеді деп болжануда.

Атырау облысында да тұман түседі.

Ал Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіліп отыр. Өңірде желдің екпіні секундына 15-20, 23-28 метрге дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысында да кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Аймақта желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал.

Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні секнудына 15-20 метрге дейін күшеюуі мүмкін.

Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.

Сонымен қатар синоптиктер жауын-шашынның түсуіне және қатқақ болуына байланысты көктайғақ болатынын, салдарынан жол-көлік оқиғалары, көшеде жарақат алу жағдайлары жиілеуі мүмкін екенін ескертті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін синоптиктер 2020 жылдың қарашасынан 2021 жылдың наурызына дейінгі аралықта елімізде ауа райы қандай болатынын болжаған еді.

Сонымен бірге белгілі астролог ел тұрғындарын қараша айында не күтіп тұрғанын болжаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883858-tman-zel-kazakstanny-12-oblysynda-aua-rajyna-bajlanysty-eskertu-zarialandy/

pixel