RU

18+: Еркектің есінен кетпес үшін қалай аймалау керек екенін білесіз бе

Төсек қатынасы
Көрнекі фото: hr-portal.ru

Еркектерге төсек қатынасы тек бел босату үшін ғана керек дейтін әйелдер қатты қателеседі. "Қалауы сол ғана" деп қалағанын "беріп құтылған" әйел белгілі бір уақыттан соң күйеуінің ыстық құшағында "тұншыға" алмаса, оған өзі кінәлі. Себебі сол, ерінің өзін қалай аймалағанын қаласа, өзі де солай жасай білуі тиіс деп жазады Ernur.kz басылымы.

Еркектің де жыныс мүшесінен басқа жерінде эрогенді аймақтары бар, еркек те өзін аймалағанды жақсы көреді.

БАС, ЕРІН ЖӘНЕ ҚҰЛАҚ

Әйелдердікі сияқты, еркектердің де осынау дене мүшелері сезімтал келеді. Мәселен, басына массаж жасап, тақырбас болса, шаштың ұшымен қытықтағаннан рахат табатын еркектер бар. Сол сияқты, сүйіскеннен бөлек, ерніне саусақ тигізіп, сипалау, тырнақ ұшымен сызып өту де еркектің тәніне ләззат сыйлайды. Ал құлағы – ерекше эрогенді аймақ. Онда көптеген сезімтал нүктелер бар. Егер еріңіздің құлағынан сүйер болсаңыз, сондай-ақ жәй ғана саусақпен уқалап, қытықтасаңыз да естен тандыруға болады.

АЯҚ пен ҚОЛ

Еркектің алақаны арқылы қоздыруға болады. Себебі, ол жерде көптеген жүйке талшықтарының соңы орналасқан. Сондықтан кез келген жерде еріңіздің алақанын нәзік қана сипаласаңыз, жанына жаға түседі. Сол сияқты, еркектің аяғында да сезімтал нүкте көп. Төсекте оған тамаша сезім сыйлағыңыз келсе, бірдан құшақ айқастыра кетпей, алдымен аяғынан бастасаңыз болады.

Сипалау, табанның әр нүктесін батыра уқалау мен соңынан аздап қытықтаудан соң оның рахаттан қалай балқығанын көресіз. Тізенің артқы жағына, бүгілетін тұсына мән беріңіз. Осы тұсты сипап-уқалау да еркектерге майдай жағады.

ҚАРЫНЫ

Ол үшін еркекте қарын болуы міндетті емес, әрине. Сол қарын тұсын сипалау, шашпен қытықтап ойнап, сүюді керемет жақсы көреді. Себебі, қарын еркектердің басым көпшілігінің эрогендік аймағына кіреді. Ол үшін кіндік айналасынан бастап саусақ ұшымен айналдыра, диаметрін әр айналым сайын кеңейте отырып жаймен сипаласаңыз, соңына жетпей сізді құшағына алып құлай кетуіне сене беріңіз. Арасында ерін-тіл арқылы да "еркелетіп" қойсаңыз болады.

КЕУДЕ, МОЙЫН және АРҚАСЫ

Еркектердің кеудесі әйелдің омырауынан да сезімтал десе, сенер ме едіңіз?! Ендеше, байқап көріңіз. Себебі, кеудесіне ерні тиіп, қолмен аймалағаннан еркек біткен есін жоғалтады. Ал тілдің ұшымен омырау ұшын қытықтауы білмеуіңіз мүмкін емес шығар?!

Ал мойын айналасы, әсіресе, желкесі – еркектерді "сұлатып салатын" жері. Сырғаната сипалап, оқыстан сүйсеңіз, есін жинай алмай қалады. Кейде қаттырақ қимылмен уқалағанды да қалайды. Еркектің арқасында да сезімтал нүктелер жеткілікті. Әсіресе, жауырын ортасы мен омыртқа бойында және сегізкөздің айналасын сипалау арқылы еркекке бәрін ұмыттыруға болады. Әлбетте, одан басқа арқасына әйелдің тырнағы аздап батқанын да қалайтындар аз емес.

Еске сала кетейік, осыған дейін әйелдер төсекте оргазм алу үшін не істеу керегін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883919-18-erkekti-esinen-ketpes-sin-kalaj-ajmalau-kerek-ekenin-bilesiz-be/