Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда өткен тәулікте 568 адам коронавирус жұқтырып алды

Опубликовано:

Аурухана
Көрнекі фото: Orhan Cicek/Anadolu Agency via Getty Images

Елімізде өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтыруың 568 жаңа дерегі тіркелді деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ның ресми Telegram-каналы.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 117904.

Аймақтар бойынша эпидемиологиялық ахуал мынадай:

Нұр-Сұлтан қаласы - 37

Алматы қаласы - 30

Шымкент қаласы - 3

Ақмола облысы - 45

Ақтөбе облысы - 7

Алматы облысы - 14

Атырау облысы - 7

Шығыс Қазақстан облысы - 237

Жамбыл облысы - 5

Батыс Қазақстан облысы - 24

Қарағанды облысы - 12

Қостанай облысы - 61

Маңғыстау облысы - 2

Павлодар облысы - 52

Солтүстік Қазақстан облысы - 30

Түркістан облысы - 2.

Айта кетейік, Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа деректері тіркелген жоқ. Бұл өңірде барлығы 3262 адам COVID-19 індетіне шалдыққан болатын.

Еске салсақ, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында шектеу шаралары 25 қарашаға дейін ұзартылғанын хабарлаған болатынбыз. Өңірдегі бас санитар дәрігерінің міндетін атқарушы облыс аумағында шектеу шараларын 11 қараша сағат 00:00-ден бастап 2020 жылдың 25 қарашасы сағат 00:00-ге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар, Қостанай облысы бойынша бекеттер қою туралы шешім қабылданды. Бұл туралы өңір басшысы жедел штабтың соңғы отырысында айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884028-kazakstanda-tken-tulikte-568-adam-koronavirus-zktyryp-aldy/

pixel