Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысы бойынша бекеттер қою туралы шешім қабылданды

Опубликовано:

Блок-бекет
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жедел штабтың соңғы отырысында не талқыланғанын айтты. Бұл туралы аймақ басшысы өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Архимед Мұхамбетов коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша жедел штабтың кезекті отырысын өткізді.

Кеңес барысында Қостанай, Лисаков, Арқалық, Рудный және Қостанай, Қарабалық, Жітіқара аудандары әкімдерінің есебін тыңдап, коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ағымдағы жағдай және карантин режимін сақтау жөніндегі мониторингтік топтардың жұмысы туралы баяндалды.

Штаб мүшелері ұсынған ұсыныстарды ескере отырып, сағат 00.00-ден 12 қарашадан бастап көршілес облыстардың шекарасында облыстың периметрі бойынша санитарлық бекеттер орнату туралы шешім қабылданды, сондай-ақ мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілетін болады.

Сонымен қатар, облыс әкімі халық және кәсіпкерлік субъектілері арасында әлеуметтік желілер арқылы белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Еске салсақ, Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігерінің міндетін атқарушы облыс аумағында шектеу шараларын 11 қараша сағат 00:00-ден бастап 2020 жылдың 25 қарашасы сағат 00:00-ге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ, жасы 65-тен асқан Алматы тұрғындарына үлкен қажеттілік болмаса үйлерінен шығуға тыйым салынады. Мұндай шектеу қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында жарияланған жаңа қаулысында пайда болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883991-kostanaj-oblysy-bojynsa-beketter-kou-turaly-sesim-kabyldandy/

pixel