Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда дауға айналған тұрғын үй кешенін салушы қамауға алынды

Опубликовано:

Тұрғындар
Фото: Рашида Исмагилова/Lada.kz

Ақтауда басы даудан арылмай келген "Гаухартас" тұрғын үй кешенін салушы қамауға алынды. "Тастемир ЛТД" серіктестігінің иесі ірі көлемде алаяқтық жасады деп күдіктелуде. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды деп хабарлайды "Хабар 24".

Маңғыстау облысының полиция департаменті ақтаулықтардан 110 шағым келіп түскенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр, оның барысы департамент басшылығының бақылауында.

Бұған дейін үлескерлер тұрғын үй кешенінің құрылысына миллиондаған қаражат салғанын айтқан, бірақ бірнеше жылдан бері олар үйлеріне кіре алмай жүр.

Сонымен қатар, олар құрылыс салушы бір пәтерді бірнеше клиентке сатып жүргенін айтып, дабыл қаққан. Серіктестік басшысына қатысты "алаяқтық" бабы бойынша іс қозғалды. Сол сәтте ол үйінен ешқайда кетпеу туралы қолхат жазған.

Айта кетсек, өткен жылы Нұр-Сұлтанда салымшылар осындай жағдайға тап болып, бір пәтер бірден төрт адамға сатылып кеткен еді.

Еске салсақ, бұған дейін біз Көкшетау тұрғыны науқас баласымен бірге төрт ай бойы тар көлікті паналап жүргенін жазған болатынбыз. Тұрғынның айтуынша, оларды өзге емес, өз достары алдап, жалғыз баспанасын тартып алған. Ал келіншегі күйеуі мен баласын тастап кетіпті. Тұрғынның тапқан-таянғаны баласының дәрісінен, күнделікті азығынан артылмайтын көрінеді.

Одан бөлек, Қазақстандағы тұрғын үй бағасы қымбат және арзан қалалар белгілі болғанын жазған едік. Тізімге мониторинг жүргізілген 17 қала кірген. Рейтингтің көшбасын дәстүрлі түрде Алматы қаласы бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884075-aktauda-dauga-ajnalgan-trgyn-j-kesenin-salusy-kamauga-alyndy/

pixel