Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік вакцинаны салдырған үш дәрігерден коронавирус анықталды

Опубликовано:

Дәрігер
Көрнекі фото: piqsels.com

Алтай өлкесінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырған 42 дәрігердің үшеуі COVID-19 жұқтырған. Бұл туралы Алтай өлкесі денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында хабарланды.

Вакцина әзірлеушілердің мәліметінше, вакцина екі компоненттен тұрады: адам бірінші инъекциядан соң үш аптадан кейін екіншісін алады.

Екінші вакцинациядан соң үш аптадан кейін ғана адам вакцинацияланған және сәйкесінше коронавирус инфекциясынан қорғалған болып саналады, өйткені осы уақыт аралығында иммунитет қалыптасу процесі жүреді.

ДСМ хабарлауынша, вакцина қабылдаған, бірақ бүгінде COVID-19 анықталған дәрігерлердің иммунитеті, коронавирус жұқтырған кезде мүмкін қалыптасып үлгермеген. Ақ халаттылардың ауру жұқтыруына тек осы себеп бола алады екен.

Айта кетейік, АҚШ-тың Питтсбург университетінің мамандары коронавирусқа қарсы күресте күшті антидене болып табылатын заттарды ламалардың ағзасынан тапқан еді.

Зерттеу барысында лама ағзасының SARS-CoV-2 вирусына қалай жауап қататыны сараланған. Ғалымдар вирус лама ағзасына енгізілгеннен кейін екі айда оның иммундық жүйесі SARS-CoV-2-ге қарсы жетілген наноденелер шығара бастағанын байқаған.

Зерттеу қорытындысына сай "наноденелер" деп аталатын ламаның антиденелері адамның антиденелерінен айтарлықтай кішкентай болғанымен, коронавирустың бетін қайтаруда әлдеқайда мықтырақ екені дәлелденген.

Еске сала кетейік, танымал педиатр әрі тележүргізуші Евгений Комаровский коронавируспен кімдердің ауырмайтынын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884148-resejlik-vakcinany-saldyrgan-s-medbikeden-koronavirus-anyktaldy/

pixel