Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында синтетикалық есірткі сатумен айналысқан топ ұсталды

Опубликовано:

Есірткі
Видеодағы кадр: polisia.kz

Арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы облысы полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткілерді заңсыз таратумен айналысқан бір топ адамды ұстады деп хабарлайды Polisia.kz.

"Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу іс-әрекеттерін жүргізді, оның барысында бес адамнан құралған топ анықталды.

Олардың барлығы Талдықорған қаласының тұрғындары. Күдіктілер ұзақ уақыт бойы интернет желісі, Телеграмм месенджері арқылы синтетикалық есірткілерді заңсыз таратумен айналысқан. Олар есірткі заттарын жасырын орындарға салу арқылы сатқан", – дейді Алматы облысы полиция дептарментінің бастығының орынбасары Данияр Мендебаев.

Сонымен қатар күдіктілердің бірінің пәтерін тінту барысында ішінде қоңыр түсті өсімдік тектес зат бар, сатуға дайындалған 250 орама алынған. Сондай-ақ ақ түсті ұнтақ зат және жасыл түсті өсімдік тектес зат бар екі полиэтилен пакет табылған. Барлық алынған заттар бойынша сараптама тағайындалған.

"Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты ҚК 297-бабының 1, 3-бөліктері (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", – деп толықтырды Данияр Мендебаев.

Еске салсақ, есірткі қылмысымен күресушілер және БҚО Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері өңірде есірткі заттарын жасайтын зертхана ашқан деген күдікке ілінген екі шетелдік азаматты ұстаған болатын.

Сонымен бірге ІІМ Алматыдағы пәтерлердің бірінен табылған есірткі зертханасының жойылғанын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884165-almaty-oblysynda-sintetikalyk-esirtki-satumen-ajnalyskan-top-staldy/

pixel