Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда аста-төк байлыққа салық салу қайта ұсынылды

Опубликовано:

Ақша, көлік
Көрнекі фото: piqsels.com

Сенаторлар тағы да Қазақстанда байлыққа салық салуды ұсынды. Ұлттық экономика министрлігі бұл ұсынысты қарастыруға уәде берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Депутат Марат Бахтиярұлы еліміздің салық заңнамасына енгізілген түзетулерді талқылау барысында байлыққа салық салуды енгізуді ұсынды. Осылайша, ол бюджеттің кірісін көбейтуге болады деп санайды.

"Бюджетке түсетін түсім ретінде байлыққа арнайы салық салуды енгізу – бүгінгі таңда өте өзекті мәселе. Дәулетті қазақстандықтар халық алдында әлеуметтік жауапкершілік алып, олардың байлығы елдің дамуына бағытталуы керек", – деді ол.

Мұнда мәселе яхталар, ұшақтар, элиталық жылжымайтын мүлік, қымбат көліктер, құнды зергерлік бұйымдар сияқты байлыққа салық салу туралы болып отыр. Депутат байлық салығын енгізу Қазақстанда әділ салық салу жүйесін құра алатынына сенімді. Палата спикері оны қолдады.

"Болашақта жеке табыс салығының мөлшері ұлғая ма? Атап айтқанда, байлыққа салынатын салық. Қазір бізде бір шкала бар, бірыңғай мөлшерлеме– 10%. Бұл бір күнде шешілетін мәселес емес. Алдағы уақытта, өзіңіздің жұмысыңызда осы мәселені ескеріп, пысықтай түсесіз деген ойдамын", – деді Мәулен Әшімбаев.

Бұған жауап ретінде Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов оның ведомствосында салықтың осы түрін енгізу жоспарлары бар екенін айтты.

"Әрине, бізде мұндай жоспарлар бар. Байлық салығы – тиімді тәсілдердің бірі", – деді министр.

Сонымен қатар министрдің мәліметі бойынша, осы сағатқа жеке табыс салығының мөлшері 10 пайызды құрайды. Кірісі төмендер үшін төмен салық мөлшері қолданылады. Дәленовтың айтуынша, көлікке және басқа мүлікке салық төлеу өзінше жіктеледі.

"Егер мүліктің құны жоғары болса, онда, әрине, төлейтін салығы да үлкен болады. Салықтың айырмашылығы 8 000-нан 600 000 теңгеге дейін", – деді ол.

Еске салсақ, сенаторлар қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану үшін табыс салығын кейін төлеуге мүмкіндік беретін Салық кодексіне түзетулер енгізу жайлы құжатты қабылдады.

Оған қоса, қазақстандық азамат алимент бойынша қарызын төлемегені үшін 2 бөлмелі пәтері мен автокөлігінен айырылғаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884302-kazakstanda-asta-tk-bajlykka-salyk-salu-kajta-synyldy/

pixel