Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанболат Ағаділдің өліміне күдіктілер ұсталды

Опубликовано:

Дулат Ағаділдің ұлы
Фото: Facebook/Талғат Мұхамеджан

Кәмелетке толмаған Жанболат Ағаділдің өліміне күдіктілер қамауға алынды. Бұл туралы онлайн брифингте ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әділовтың айтуынша, 10 қарашада елордадағы Көктал шағын ауданында төбелес болып, пышақ жарақатынан 17 жастағы Жанболат Ағаділ көз жұмған.

"Жедел-тергеу тобы ЖШС жұмысшылары мен Талапкер елді мекенінің жастары арасында жанжал болғанын анықтады. Соңғылары арадағы мәселені шешу үшін шамамен 20-дан аса адам ауылдан Көктал ықшамауданына, кәсіпорын қызметкерлері тұратын жерге келген. Ауызша жанжал төбелеске ұласқан. Оған Ағаділ де қатысқан. Салдарынан ол пышақ жарақатын алып, жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған", - дейді тергеу департаментінің бастығы.

Оның сөзінше, төбелестің барлық қатысушылары, сондай-ақ негізгі күдіктілер қолға түскен.

"Төбелестің барлық қатысушылары ұсталды. Сонымен қатар негізгі күдікті тұлғалар тұтқындалды. Қазіргі уақытта төбелестің үш қатысушысы, оның ішінде кісі өліміне күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктілердің кінәсі жинақталған дәлелдермен дәлелденеді. Тергеу барысы бақылауда, оның нәтижесі туралы қосымша хабарлайтын боламыз", - дейді Санжар Әділов.

Қазір аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі және 293 баптың 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сонымен қатар қайғылы оқиғаның кездейсоқ куәгеріне айналған Нұр-Сұлтан тұрғыны болған жайттың егжей-тегжейін айтып берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884305-zanbolat-agadildi-limine-kdiktiler-staldy/

pixel