Сегіз нәрестені өлтірді деген күдікпен медбике ұсталды
Жарияланған күні:
Ұлыбританияның Честер қаласының полициясы сегіз сәбиді өлтірді және он баланы өлтіруге оқталды деген күдікпен Countess of Chester жергілікті ауруханасының қызметкері Люси Летбиді ұстағанын мәлімдеді деп хабарлады РИА Новости.
Countess of Chester ауруханасының қызметкері Люси Летбиді сейсенбі күні жергілікті полиция Ұлыбритания Корольдік прокуратурасынан қамауға алу туралы рұқсат алғаннан кейін тұтқындаған.
Бұндай шешім 2015 жылдың маусымынан 2016 жылдың маусымына дейін аурухананың нәрестелер бөлімінде болған балалар өлімі мен жазатайым оқиғаларға қатысты жүргізіліп жатқан тергеу аясында қабылданды.
Қазіргі уақытта күдікті қамауда отыр. Ол 12 қараша күні сот алдына келеді деп күтілуде.
Люси Летби осы іс бойынша 2018 жылдың шілдесінде Честер ауруханасының нәрестелер бөліміндегі 17 баланың өліміне қатысты тергеу аясында ұсталған болатын. Оған айып тағылды, бірақ кепілмен босатылған еді.
Кейінірек Чешир графтығының полициясы медбикеге тағы үш баланы өлтірді деген айып тақты.
Айта кетейік, өткен жылдың күзінде Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері Атырау облысы перинаталдық орталығының бас дәрігері Қуаныш Нысанбаевты, сондай-ақ жаңа туған нәрестені өлтірді деп айыпталған акушер-гинекологты ұстаған еді. Қызметкерлер баланы өлі туды деп рәсімдеген.
Алайда одан тіршілік нышаны байқалған кезде дәрігерлер құжаттарды қайта рәсімдегісі келмей, оны тоңазытқыш камерасына жіберген.
Жақында сот процесінде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ведомствоаралық жедел-тергеу тобын басқарған аса маңызды істер жөніндегі тергеуші Асқарбек Ермұқашевтан куә ретінде жауап алынды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884334-segiz-nresteni-ltirdi-degen-kdikpen-medbike-staldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.